Білім

Оқулықпен қамту жайы нешік?

окулык

Жаңа оқу жылының басталуына санаулы күндер қалды. Әр білім беру ұйымында дайындық жұмыстары жүріп жатқаны анық. Бұл ретте оқулық жетіспесе, оқушының оқуға деген ынтасы төмендейді. Оның алдын алу үшін талапқа сай қыркүйектен бастап мектептердегі оқулықпен қамту мәселесі туындамауы тиіс. Осы орайда, біздің өңірде аталған жұмыстың жайы қалай? Мектеп кітапханаларындағы қор қаншалықты дайын? Алмабек АБДОЛОВ,  Атырау қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары: ...

Читать далее »

Мемлекеттік білім гранты иегерлерінің тізімі

c4ca4238a0b923820dcc509a6f75849b-18

2018 жылғы Мемлекеттік білім гранты иегерлерінің толық тізімі жарияланды. Толық тізімді мына сілтемеден жүктеуге болады. Биыл ҰБТ тапсыруға 102447 өтініш берілді. Соның 77224-і қазақ тілінде, 25177-сі орыс, ал 46-сы ағылшын тілінде тапсыру ниетін білдірген. Іс жүзінде биыл 98698 бітіруші ҰБТ тапсырды, былтыр бұл көрсеткіш 88583 болатын. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бес әлеуметтік бастамасы» аясында биыл мемлекеттік тапсырыстың көлемі 20 мың ...

Читать далее »

Грант қанша бөлінді?

grant

Атырау облысының Білім беру басқармасы  жоғары оқу орындарына қабылдаудың жүріп жатқандығына байланысты хабарлайды. Жоғары білім алуға ақы төлеу үшін жергілікті бюджет қаражаты есебінен 2018-2019 оқу жылына 282 білім беру гранты беріледі. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру гранттары облыстың кадрларға қажеттілігі ескеріле отырып, талапкерлер өтініш білдірген нақты мамандықтар, тіл бөлімдері мен оқу нысандары бойынша жоғары оқу орындарында оқу үшін мамандықтар ...

Читать далее »

ҰБТ: ұмтылыс пен ұтылыс

ҰБТ ұмтылыс пен ұтылыс

Биыл алтын ұя мектебінен қанат қағып, ҰБТ-дан өткен түлектер көп  ұзамай өздері қалаған мамандыққа оқуға қадам басады. Ал, белгіленген көрсеткішке жете алмай, сыннан сүрінгендер тамыз айында тестілеуді ақылы түрде тапсыруына мүмкіндік бар. Бұл жаңашылдықтың мәні неде? Жалпы, биылғы ҰБТ-ның нәтижесі қандай?  74 балл: дайындықты күшейту қажет Облыстық білім беру басқармасының мәліметіне сүйенсек, ҰБТ биыл жетілдірілген жаңа форматта екінші рет өтті. ...

Читать далее »

Студенттер үшін жатақхана салынады

Студенттер үшін жатақхана салынады

Жастарға арналған қамқорлықтың айқын көрінісі ретінде жаңа оқу жылынан бастап қосымша 20 мың білім беру грантын бөлінуін айтуымызға болады. Бұл гранттардың 11 мыңы техникалық мамандықтар бойынша бакалаврлық білім беруге бөлінеді. Жаңашылдық өңірдегі тапшылық тудырып отырған педагогтар, медицина қызметкерлері, инженерлер, ақпараттық технология, роботтехника, нанотехнология саласының мамандарын даярлауға мүмкіндік бермек. Өткен жылы педагогика, медицина, ауыл шаруашылығы салаларындағы қажеттілік тудырып отырған мамандықтарға облыс ...

Читать далее »

Мұғалімнің оқуы мен шәкірттің тоқуы бір-бірімен үйлескенде ғана сапа шығады

1

Мұғалім – мектептегі басты тұлға. Жаңа технологиялардың дамыған кезеңінде де педагогтардың орнын ешкім де, еш нәрсе де айырбастай алмайды. Тек олар бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеуде өз білімдерін жетілдіріп, толықтырып отыруы қажет. Осы орайда жаңартылған білім мазмұнында мұғалімдердің санаттылығына бірқатар өзгерістер енді. Ағылшын тілінде оқытылатын пәндер үшін педагогтарға тіл меңгеру талаптары қойылды. Осы жұмыс біздің өңірде қандай деңгейде атқарылуда? Санат қалай  ...

Читать далее »

Ғылымға – қайтарымсыз грант

Ғылымға – қайтарымсыз грант3

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде Білім және ғылым министрлігінің өкілдерімен кездесу өтті. Жиынға аталған қордың жоба координаторлары Әлібек Хамидуллин мен Шолпан Сапарова қатысты. Кездесу барысында олар «Ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы» Заңның нормалары мен гранттық қаржыландыру ережелерін түсіндірді. – Жуырда ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыру конкурсын өткізу басталды. Конкурс экономиканың басым секторлары шеңберінде ғылыми ...

Читать далее »

Атыраулық оқушылар Баянауылға аттанды

20180713031247

“Бабабар ізімен, Каспийден Ертіске дейін” деп ұрандатқан атыраулық 60 оқушы балалар өлкетану акциясы аясында Баянауылдағы киелі жерлерді аралайды. Аталған акцияны жүзеге асыру үшін арнайы туристік жоспар құрылып, тарихи жерлер мен мәдениет орталарын аралау бағыты құрылды. «Атыраулық оқушылар Баянауыл ауданының киелі жерлерін аралайды. Балалардың демалыс бағдарламасына Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің мавзолейіне, Жасыбай батырдың ескерткіші мен Жасыбай өзеніне бару, Қоңыр Әулие үңгірін аралау, ...

Читать далее »

Бірінші сыныпқа қабылдауда қандай өзгерістер бар?

????????????????????????????????????

Оқу жылы аяқталысымен Білім және ғылым министрлігі балаларды бірінші сыныпқа қабылдау ережелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізді. Жарияланған жаңашылдықтардың бірі көкейге қонымды болса, енді бірі баласы үшін алаңдаған бірқатар ата-аналардың арасында түсініспеушілік туғызуда. Бұл ретте жаңа ережеге сәйкес, біз білім беру саласында неден ұтып, неден ұтыламыз? Саладағы өзгерістердің маңыздылығы қандай? Осы және өзге де сауалдарға жауап іздеп көрелік. Бала жасына маңыз ...

Читать далее »

Диплом – жаңа үлгіде!

img_3337-_1_

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті Халықаралық ашықтықты қамтамасыз етуге, объективті академиялық және біліктіліктің кәсібилігін мойындату үшін Еуропалық үлгідегі дипломға қосымша атауын алды. Бұл құжат биылғы оқу жылын бітіріп жатқан студенттер мен магистранттарға алғаш рет салтанатты жағдайда табыс етілді. Өткен сенбіде «Жайық» спорт кешенінде ұйымдастырылған шарада оқу орнының ректоры Абзал Талтенов барша жиналғандарды диплом алу рәсімімен құттықтады. Түлектерге өздері таңдаған мамандықтың ...

Читать далее »