Білім

БІЛІКТІ ҰСТАЗДАН – БІЛІМДІ ШӘКІРТ

ҚР Үкіметі осыдан үш жыл бұрын егемен елімізде тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес мектеп мұғалімдерінің біліктілігін  арттыру жүйесін дамытудың тиімді әдістерін қолға алды. Нәтижесінде  «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымдары жанынан педагогикалық шеберлік орталықтары құрылды. Атырауда құрылған педагогикалық шеберлік орталығының директоры А.Т.Нұржанованың басшылық етуімен 2013-2014 жылдары 400-ге жуық мұғалім осындай курстан өткізілді.

Читать далее »

ШЕБЕРЛІКТІ ШЫҢДАЙ ТҮС!..

«Ұстаздық – ұлы іс» деп кемеңгер жазушымыз Мұхтар Әуезов айтқандай, бұған лайық болу үлкен абырой, басты борышым деп есептеймін. Мұғалім – мамандық болса, ұстаздық қасиет – табиғат дарытқан құдірет екен. Бойыңа қуат, жүрегіңе жарық беріп өрге сүйрейтін де, жаныңа азық, өміріңе өзек боп төрге сүйрейтін де – осы ұстаздық қасиет. Қазағымның, елім мен жерімнің және ана тілімнің мерейін өсіретін ұстаздық ұлағатты істе адал болу – мен үшін абыройлы іс.

Читать далее »

ДУАЛЬДЫ ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІН ДАМЫТУ – Бүгінгі күннің басты талабы

Бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастырып, сапалы маман дайындау үшін білім мазмұнын түбегейлі өзгерту – бүгінгі таңда оң шешімін табуға тиіс, кезек күттірмейтін мәселе. Елдің өсіп-өркендеуі, өркениет санатына қосылуы, ғаламдық жаһандануда өзіндік орны болуы ол елдің білім жүйесінің даму деңгейі мен жетілуіне, білікті мамандармен қамтылуына байланысты. Қазіргі таңда әлемдік білім беру тәжірибелеріне сай соны жетістіктер мен озық тәжірибелер арқылы оқыту үрдісі қолға алынуда. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» тұжырымдамасында ерекше айтылады.

Читать далее »

БІЛІКТІ МАМАН – ӨНДІРІС ТІРЕГІ

Атыраудағы мұнай-газ саласы мамандарын дайындау, қайта даярлау өңіраралық орталығында «Қазақстан Республикасында біліктілікті тәуелсіз растау жүйесін дамытудың өзекті мәселелері» тақырыбында конференция өткізілді. Оның жұмысына Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, салалық ассоциациялар мен жұмыс берушілердің, Атырау және Батыс Қазақстан облыстары техникалық және кәсіби білім беру орындарының өкілдері қатысты.

Читать далее »

ТАРИХЫ ТЕРЕҢ АЛТЫН ҰЯ

«Оқу инемен құдық қазғандай» демекші, келешек жас ұрпақтың саналы, білімді, толыққанды зиялы азамат болып қалыптасуы білімге деген ізденістің арқасында жүзеге асатыны белгілі. Бүгінде оқу жүйесіне тың жаңалықтар енгізе отырып, жас ұрпаққа сапалы білім беруде қаладағы Ыбырай Алтынсарин атындағы №11 орта мектептің орны бөлек.

Читать далее »

ӨТКЕНДІ ОЙМЕН ӨРНЕКТЕП…

Тарих дөңгелегі зырлаумен келеді. Тоқтау жоқ. Міне, Атырау қаласындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы №11 орта мектептің жұмыс істей бастағанына 60 жыл болды. Еліміз өзінің басынан қандай кезеңдерді өткізсе, бұл мектеп сондай белестерді аттады. Оқу орны қаладағы үлгілі мектептердің бірі болды. Осындай мақтаулы дәрежеге жету маңдай терлерін төккен ұлағатты ұстаздардың еңбектерінің нәтижесі еді.

Читать далее »

БОЛАШАҚҚА ЖЕТЕЛЕЙТІН КҮШ

Мемлекет басшысы «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі Жолдауында «Мен «Жастар – біздің болашағымыздың тірегі» дегенді әркез айтып келемін. Мемлекет жаңа буынның алдында барлық есіктер мен жолдарды ашты! «Нұрлы Жол», міне, біздің креативті ырғақты жастарымыздың күш-жігер жұмсап, құлаш сермейтін тұсы осы!» деп атап көрсетті.  Демек, аудандық мәдениет үйінде Жылыой орталық кітапханасы мен Жастар ресурстық орталығы бірлесіп ұйымдастырған «Қоғамдағы жастар тәрбиесі – Мәңгілік ел мұраты» тақырыбындағы «дөңгелек үстел» көкейкесті мәселені қозғауымен көңілге ой салары анық.

Читать далее »

ҰБТ-ҒА ДАЙЫНДЫҚҚА – ҚАТАҢ БАҚЫЛАУ

Шәкірттерін білім нәрімен сусында тып, тәлім-тәрбие мен адами қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан, олар ерекше құрметке ие. Біз Атырау қалалық білім бөлімінің басшысы Нұрсәуле Сайлауовамен кездесіп, қаладағы білім беру саласының мәселелері жөнінде сұхбаттасқан едік.  

Читать далее »

БІЗ ҮШІН ЕҢ БАСТЫСЫ – БІЛІМ САПАСЫ

Білім саласындағы заңнамалардың сақталуы - бүгінгі таңда қатаң бақылауда тұрған мәселенің бірі. Осыдан бірер жыл бұрын ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты құрылған Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті бүгінде  түйінді мәселелерді шешуде. Жуырда аталған комитеттің облыс бойынша Білім саласындағы бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Сәнім Қалуовадан аймақта білім сапасын арттырудың түйінді мәселелері жөнінде әңгімелескен едік.

Читать далее »