Білім

ДАРЫНЫМЕН ДАРАЛАНҒАН ДАРАБОЗДАР

Атырауда  өткен  республикалық  пәндік  олимпиадада  анықталды

Биыл республикалық пәндік олимпиадалар еліміздің екі қаласында өтті.  Атырауда дарынды оқушылардың білімін саралаған жалпы білім беретін пәндер бойынша қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы республикалық олимпиада өз мәресіне жетті.

Екі турдан өткен білім бәсекесіне еліміздің 16 өңірінен, Назарбаев зияткерлік мектептерінен,  О.Жәутіков атындағы республикалық физика-математикалық және Абай атындағы республикалық мамандандырылған мектеп-интернаттарынан – барлығы 556 оқушы қатысып, қазақ, орыс тілдері мен әдебиеті, неміс, ағылшын, француз тілдері, Қазақ-стан тарихы және құқық негіздері пәндері бойынша №35 мектеп-гимназиясында өз білімдерін сынады.

Махамбет атындағы облыстық қазақ драма театрында өткен олимпиаданың салтанатты жабылу шарасында облыс әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқан аймақ басшысының атынан алты күнге созылған білім додасының сәтті аяқталуымен құттықтады.

Читать далее »

БІЛІМДІ ҰРПАҚ – ЕЛ БОЛАШАҒЫ

Атырауда республикалық олимпиада өтуде

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа әр Жолдауындағы білім беру саласын дамыту, жас ұрпақтың білімін көтеру бағытындағы тапсырмаларына сәйкес оңды істер атқарылып келеді. Соның бірі – жыл сайынғы дарынды оқушылар арасында өтетін жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада. Республиканың түкпір-түкпірінен келген білімдар оқушылардың бақ сынар білім бәйгесі биыл облыс әкімдігінің қолдауымен Атырауда тұңғыш рет ұйымдастырылды.

Олимпиаданың ашылу салтанаты Махамбет атындағы облыстық қазақ драма театрында өтті. Еуропа мен Азия құрлықтарының тоғысқан жері – Қазақ елінің мұнайлы астанасы – Атырауға келген қонақтарға «қош келдіңізін» білдірген облыс әкімінің орынбасары Шыңғыс МҰҚАН аймақ басшысының атынан білім додасының ашылуымен құттықтады.

Читать далее »

«БІЛІМДІ МЫҢДЫ ЖЫҒАДЫ»

Атырауда тұңғыш рет республикалық олимпиада өтеді

Егеменді еліміздің ертеңін еңселі ететін ғылымды дамытуға, тәуелсіздігіміздің тұғырын төмендетпей, айбынын асқақтататын, ел экономикасын өркендетуге келешекте кемел үлес қосатын дарындардың жалпы білім беретін пәндер бойынша гуманитарлық бағытындағы республикалық олимпиадасы сейсенбі, 24 наурыз күні Атырауда басталады.

Читать далее »

ШӘКІРТІМІЗ ОЗАТ АТАНДЫ

Өз дәуірінің ойшылы Ж.Баласағұн «Ақыл қайда болса, ұлылық сонда болады. Білім кімде болса, сол білікті болады. Өмірдегі барлық жақсылық тек білімнен шығады» деген екен. Әйткенмен, білім жолы – қиын жол. Оның шыңына тек терең білімділер ғана шыға алады.

Читать далее »

БІЛІМ САПАСЫ – БАСТЫ МҰРАТ

Жуырда Атырау облысы Білім саласындағы бақылау департаменті сапаны бақылау өлшемдері мен дескрипторларды қолдана отырып, пилоттық инспекцияларды өткізу мақсатында «Білім сапасын көтеру» Бірлескен экономикалық зерттеу бағдарламасы шеңберінде білім беру ұйымдарының инспекторлық жүйесін жетілдіру» деген тақырыпта семинар-кеңес өткізді.

Читать далее »

ТҰҒЫРДАН ТАЙМАҒАН САРА

«Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар қалан» деп ұлы Абай айтқандай, әрбір адам өзінің жүрек қалауымен мамандық таңдап, еліне елеулі, халқына қалаулы азамат болуға ұмтылады. Сондай ізгі арманына қол жеткізген адамның бірі – Сара Алпысқызы. Ол бұрынғы Теңіз ауданының Дәшін ауылында 1940 жылдың 27 желтоқсанында дүниеге келген. Нұржау орта мектебін 1958 жылы бітіргеннен кейін сол кездегі Гурьев мемлекеттік педагогикалық институтының қазақ тілі мен әдебиеті, тарих-қоғамтану бөліміне оқуға түседі. Институтты бітірген соң Әбу Сәрсенбаев атындағы орта мектепте мұғалім, «Пионер» сегізжылдық мектебінде директор, кейін «Гүлдер» балабақшасының меңгерушісі болып жұмыс істеді. Бұдан кейін ұзақ уақыт Н.Манаев атындағы орта мектепте ұстаздық етті.

Читать далее »

ӘКЕ ЖОЛЫН ҚУҒАН ҰЛ

Азаматтың қоғам өміріндегі орнын анықтайтын лауазымы, байлығы, ғылыми атағы, жасының ұзақтығы емес, оның адамдар, жұртшылық арасында жинаған бедел-абыройын және ар-ұятты берік ұстанып, айналасына жақсылық шапағатын шашып жүруінде жатса керек. Осындай биік межеден көріне білген азаматтың бірі – Әлім Үсен. 

Читать далее »

«АЙРЕКС» ҚОРЫНЫҢ АТЫРАУДАҒЫ ҚАДАМЫ

Қазіргі заманның соңғы үлгідегі озық білім-білігін меңгермей, сауатты маман атану мүмкін емес. Осыны басты қағида етіп ұстанған «Айрекс» («ІREX») білім беру қорының республикадағы өкілдігі «Ақпараттық технологиялар ғасыры қоғамы» деп аталатын ең ауқымды жобасын қорытындылады. Жоба Атырау облысында 2010 жылдан бері «Теңізшевройл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қаржылық қолдауымен жүзеге асып келеді.

Читать далее »

БІЛІКТІ МАМАН – ЕЛ ҮМІТІ

Елбасы «Нұрлы Жол» атты халыққа Жолдауында: «Мен «Жастар – біздің болашағымыздың тірегі» дегенді әркез айтып келемін. Мемлекет жаңа буынның алдында барлық есіктер мен жолдарды ашты! «Нұрлы Жол», міне, біздің креативті ырғақты жастарымыздың күш-жігер жұмсап, құлаш сермейтін тұсы осы!» деген болатын. Осы айтылған ойды жүзеге асыруда мектеп пен жоғары оқу орындарының арасында байланыс болса ғана көздеген мақсатымызға жетеріміз сөзсіз.

Читать далее »