Білім

ҰБТ: ҰМТЫЛЫС ҰТЫСҚА БАСТАСА…

Әр оқу жылы соңында елімізде жалпы білім беретін мектептердің түлектерін Бірыңғай ұлттық тестілеуден  өткізудің дәстүрге енгеніне он екі жылдай уақыт өтті. ҰБТ – жастардың мектеп бітіріп, жоғары оқу орындарына түсуіне жол ашады.

Читать далее »

БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ ЗЕРДЕШІСІ

Жалынды патриот, әрі ғалым, әрі киелі өнер иесі және өз мамандықтарының білгірі ретінде Атырау  өңірінде кейінгі толқын жастарға үлгі өнеге  болып  жүрген  тұлғалардың бірі, әрі бірегейі, тарихшы-ғалым Шахман   Нағымұлы  Нағымов  десек,  қателеспеспіз. Шахман Нағымұлының өмір  белестеріне  көз  салсақ, абыройлы  азамат  тұлғасының  әсем  айшықтарына  куә  боламыз.

Читать далее »

ІЛГЕРІЛЕУ ТЕТІГІ – ІЗДЕНІСТЕ

Ұстаз – жас ұрпақтың рухани сәулеткері, қоғам, халық өзінің үміті мол болашағын тапсыратын сенімді өкілі. Олар сол сенімді ақтай отырып, зерделі де зерек, парасатты, ұлттық және адамзаттық құндылықтарды бойына дарытқан тұлғаларды тәрбиелеуде.

Читать далее »

ШЕБЕРЛІК ШЫҢЫ – ШАБЫТТЫ ЕҢБЕКТЕ

Өз заманында Ұлы ақын Абай «Адамның адамшылығы – жақсы ұстаздан» деген екен. Сол айтқандай, баланың жанын түсінетін де, ынтасын арттырып, талабын қанаттандыратын да, талпындырып, ой-қиялын шарықтататын да, ақыры оның бойындағы дарынның ашылуына көмектесетін де – ұстаз.

Читать далее »

ҰСТАЗДАН ҚАЛҒАН ҰЛАҒАТ

Біздің өлкемізде ұрпақтар жанында жатталып қалған ұлағатты ұстаздардың бірі – Дүйсенғали Байбосынов. Ол Бақсай (қазіргі Махамбет) ауданының Ақжайық селосында   1920 жылы дүниеге келген. 1935-1936 жылдары Гурьев педагогикалық училищесіне оқуға түседі. Оны тәмамдағаннан кейін, 1939 жылы Орал қаласындағы педагогикалық институтқа студент болып қабылданды. Сол жылы желтоқсан айында азаматтық борышын өтеу үшін әскер қатарына шақырылады.

Читать далее »

ЖАРТЫ ҒАСЫРЛЫҚ САҒЫНЫШ

немесе елу жылдан соң кездескен мектеп түлектерінің мерейлі сәті

 Әр адамның ішкі жан дүниесінде өмір бойына ұмытылмай, ерекше есте қалатын, бөлекше бір әсерге бөлейтін бүкіл ғұмырнамасының бірегей қуанышы мен жұбанышындай, ғибратты да ғажайып сәттері болады. Ол – алғаш табалдырығынан жүрексіне аттап, одан кейін он жыл бойы білім теңізіне сүңгіп, тәрбие ордасынан тағылымды тәлім алатын мәртебелі мектеп өмірі. Алтын ұя мен одан түлеп ұшқан түлектердің арасында шекара болмайды, сағыныш буып, сарғайғанда қай уақытта болмасын, табысады.

Читать далее »

ЕКІ БІРДЕЙ МЕКТЕП ЕСІГІН АШТЫ

Жаңа оқу жылын Құлсары қаласы екі бірдей жаңа мектеппен қарсы алды. Соның ішінде Жылыой тарихында тұңғыш рет есігін ашқан дарынды балаларға арналған лицейдің жөні бөлек. Айтулы шараға облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғұмар Дүйсембаев арнайы келіп қатысты.

Читать далее »

АДАМ ТАНЫМАСТАЙ ӨЗГЕРГЕН АЛТЫН ҰЯ

Егемен елдің болашақ иелерін тәрбиелеп жатқан жалпы білім беретін А.П.Чехов атындағы орта мектепте өткен алғашқы қоңырау салтанатына облыс әкімінің орынбасары  Шыңғыс Мұқан, Атырау қаласының әкімі Нұрлыбек Ожаев, облыстық білім беру басқармасы мен қалалық білім бөлімінің басшылары қатысып, мектепке асыққан жас өркеннің қуанышына ортақтасты. Ел Әнұраны шырқалып, мемлекеттік Ту әкелінген соң облыс әкімінің орынбасары жиналғандарды жаңа оқу жылымен құттықтап, сәт сапар тіледі.

Читать далее »

САЛАНЫ РЕФОРМАЛАУ – ІЛГЕРІЛЕУ КЕПІЛІ

Мемлекет басшысының «Нақты 100 қадам» Ұлт жоспары бағдарламасы бойынша елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алынуда. Педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты  білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің  мазмұны жаңаруда.

Читать далее »