Білім

Енді мектептерде ақша жинауға тыйым салынады

Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Білім беру мекемелеріндегі «ақша жинау» фактілерін алдын алу» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті. Жиынға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Атырау облыстық департаментінің басшысы Тоқтамыс Жұмағұлов пен облыстық білім беру басқармасының басшысы Нұрсәуле Сайлауова қатысты.

Читать далее »

Атырауда мектеп оқушылары арасында тоғызқұмалақтан ашық турнир өтті (ФОТО)

Атырау облыстық «Білім-Инновация» лицей-интернатының ұйымдастыруымен «BAIZAAR» сауда-ойын сауық орталығында Атырау қаласында орналасқан мектеп оқушылары арасында «Жас зияткер» тоғызқұмалақтан ашық турнирі ұйымдастырылды. Бұл шара Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілді.

Читать далее »

Елімен егіз тұлға

С.Мұқашев есімін иеленген Атырау политехникалық колледжі ұжымы көрнекті қоғам қайраткерінің өмірі мен еңбек жолдарын жас ұрпаққа таныстырып насихаттау мақсатында жыл сайын арнайы онкүндік өткізіп келеді. Биыл да қазан айында бастау алған онкүндіктің жабылу салтанаты жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Салтанатты жиынға мемлекет, қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар және қайраткердің отбасы, замандастары, туыстары қатысты. Әсіресе, жаңа форматта студенттер күшімен жасақталған деректі фильм өзінің мазмұны, жинақылығы, ...

Читать далее »

Оқушылар бір күнін тіс дәрігері мамандығына арнады (ФОТО)

Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстандағы елшілігі (ЮНИСЕФ) бүкіләлемдік балалар құқын қорғау күнін өткізуге шақырды. Бұл бала құқын қорғау конвенциясына қол қойған күн – 20 қарашаға сәйкес келді. Биыл бұл күнді ерекше түрде өткізуге үлкен мән берілді. Басқаша айтқанда, жаңаша тұрпатта – «Билік басында – балалар» («Дети у руля») ұранымен өтті.

Читать далее »

APEC PetroTechnic колледжінде индустриалдық кеңес өтті (ФОТО)

Нарық сұранысы мен заман талабына сай мамандар даярлау үшін қай бағытта жұмыс істеген тиімді? Озық технологияны меңгерген кадрлар кәсіпорындар тапсырысын орындай ала ма? APEC PetroTechnic колледжінде өткен кезекті индустриалдық кеңесте осынау маңызды мәселелер талқыға түсті.

Читать далее »