Білім

Ұстаз мәртебесі айқындалады

Жолдау жолдарынан: «Келесі жылы «Педагог мәртебесі туралы» заңды әзірлеп, қабылдау қажет деп санаймын. Бұл құжат мұғалімдер мен мектепке дейінгі мекемелер қызметкерлері үшін барлық игілікті қарастырып, жүктемені азайтуға, жөнсіз тексерістер мен міндеттен тыс функциялардан арашалауға тиіс». Ұзақ жыл білім беру саласында қызмет жасап, зейнеткерлікке шыққанмын. Елбасының халыққа арнаған Жолдауын теледидардан тыңдап, қосымша баспасөз беттерінен де мұқият оқып, біраз ой түйгендей болдым. ...

Читать далее »

Ұстаз мәртебесі айқындалады

Ұзақ жыл білім беру саласында қызмет жасап, зейнеткерлікке шыққанмын. Елбасының халыққа арнаған Жолдауын теледидардан тыңдап, қосымша баспасөз беттерінен де мұқият оқып, біраз ой түйгендей болдым. Бір қуанарлық жайт, алдағы жылы педагогтардың мәртебесі туралы заң қабылданатындығы. Шынында да, аталған заң қабылдана қалса, өз уақытын аямайтын, өзгенің бақытын аялайтын әріптестерім үшін үлкен ынталандыру болады деген ойдамын. Сонымен қатар, бұл  білім сапасын көтеруге, ...

Читать далее »

«Жаңартылған білім мазмұны – заман талабы»

Осындай тақырыппен 23 қазан күні облыстық білім беру басқармасының басшысы Қайырғали Рысқалиұлы КЕНЖЕҒАЛИЕВ «Атырау» газетінің редакциясында сағат 15.00-16.00 аралығында қауырт желіде байланысқа шығады. Қауырт желі кезінде жаңартылған білім мазмұнына, мұғалім мәртебесін арттыруға, жоғары оқу орындарының маман дайындау сапасына қатысты қазіргі таңдағы өзгерістер негізінде көкейде жүрген сұрақтарыңызға тікелей жауап алуға мүмкіндік бар. Сауалдарыңызды +7-701-175-89-89 WhatsApp байланыс желісіне және Altynatyrau@mail.ru электронды поштасына ...

Читать далее »

Мектепке жылыжай сыйлады

«Нұр Отан» партиясы Атырау қалалық фракциясының мүшесі, қалалық мәслихат депутаты Әлібек Семғалиев №23 Ахмет Байтұрсынов атындағы  орта  мектепке жылыжай тарту етті. Бұрын-соңды мектептер жанынан жылыжай салынбағаны белгілі. Депутат мұндай қадамға өскелең ұрпақты еңбекқорлыққа баулу мақсатында барғанын айтады. – Аталған мектеп басшылығы жылыжай жобасы туралы ұсыныс жасағанда бірден қолдап, қажетті коммуникация жүйесі жүргізілген жылыжайды оқушылар игілігіне тапсырдым. Ең бастысы – балалар ...

Читать далее »

Қосымша білім шәкірт мүмкіндігін шыңдайды

Халық шығармашылығы орталығының базасында «Қосымша білімге – 100 жыл» тақырыбында қалалық форум өтті. Оған қаладағы алты саз мектебі, жас натуралистер стансасы, оқушылар орталығы педагогтері мен шәкірттері қатысты. Қолөнер үйірмелерінде балалардың өз қолдарымен жасаған сәндік бұйымдарының көрмесі ашылып, жұртшылық назарына ұсынылды. Сондай-ақ, саз мектебінде оқитын болашақ музыканттар, хореография үйірмесінің мүшелері де өз өнерлерімен сахна төріне шықты. Айзада ТҮСІПҚАЛИЕВА, оқушылар орталығының директоры: Қосымша ...

Читать далее »

Кедергісіз келешек: Әр бала мектепке лайықты

Атырау қаласындағы М.Мөңкеұлы атындағы №6 мектепте инклюзивті білім беру бойынша тьюторлық сүйемелдеумен оқытылатын арнайы кабинет ашылды. «Нұр Отан» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасымен қолға алынған бұл жұмысты «Болашақ» қоғамдық қоры жүзеге асырды. Аталған қор 2015 жылдан бері «Әр бала мектепке лайықты» жобасымен жұмыс жүргізуде. Жоба шеңберінде қазақстандық мамандар шетелдерде оқып, халықаралық деңгейдегі тәжірибелерді меңгерді. «Арнайы сыныптағы оқыту америкалық маманның инклюзивті білім ...

Читать далее »