Білім

«F6» мен «36 жастары» – жеңіс тұғырында

Геолог ауылдық округі әкімі аппаратының қолдауымен және «Номад» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен округ жастары арасында «Брейн Ринг» интеллектуалды сайысы өтті. Жас ерекшеліктеріне қарай 14-17 және 18-25 жас аралығындағы қатысушылардан командалар бас сынады. Жастардың білім деңгейін көтеру, жылдамдылығы мен зеректілігін арттыру, бәсекеге қабілеттілігін анықтау мақсатында ұйымдастырылған сайыста 14-17 жас арасындағы топтар арасында  «F6» комадасы жеңімпаз деп танылды. Екінші орынды «Жас Ұлан» командасы ...

Читать далее »

Шетелде тегін білім алыңыз!

Биыл екі атыраулық жоғары оқу орны мен 15 колледж түлектері, сондай-ақ, 5230 талапкердің шетелде тегін білім алу мүмкіндігі пайда болады. Мұндай мүмкіндік Атырау облысы әкімдігі мен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамының бірлескен жұмысы нәтижесінде іске аспақ. 12-13 қарашада Атыраудағы «Ренесанс» қонақ үйінде «International Education Fair» шетелдік жоғары оқу орындарының көрмесі өтеді. Ұйымдастырушылар Атырауға қазақстандықтардың шетелде тегін білім алу үшін 20 ...

Читать далее »

Білім беру бағдарламалары жаңа жүйеге көшеді

Жолдау жолдарынан: «Назарбаев Университетінің тәжірибесіне сүйеніп, үздік шетелдік топ-менеджерлерді жұмысқа тарту арқылы әлемнің жетекші университеттерімен әріптестік орнату маңызды. Қазіргі білім инфрақұрылымының базасында Назарбаев Университетінің үлгісімен өңірлік жаңа жоғары оқу орнын құру қажет деп санаймын». Елбасы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында жоғары білім беретін маман дайындау сапасына қатысты талаптар күшейтілетінін айтты. Гранттардың саны көбейді, енді жауапкершілік ...

Читать далее »

Мұғалім мәртебесіне – ерекше назар

Атырау Бизнес және құқық колледжінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауы талқыланды. Жолдаудың басым бағыты  халқымыздың әлеуметтік ахуалын жақсартуға, соған қатысты түйткілді мәселелерді неғұрлым тез де сапалы шешуге бағытталған. Талқылау барысында Жолдаудың басым бағыттары туралы әңгіме қозғалды. Колледж басшысы Нұрлы Әйтиева мен оқытушылар осы бағытта өз ойларымен бөлісті. Шынымен де, Елбасының Жолдауы ...

Читать далее »

«Жастар жылынан» жастар не күтеді?

Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі – табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауы Қатира Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінде талқыланды. Оқытушылар мен студенттер алдында сөз алған «Өнер және мәдениет» бөлімінің меңгерушісі Дәулет Сәлімов Жолдаудың маңызды бөлімдеріне жекелей тоқталды. – Келер жылды күтпей еліміз әлемдік саяси және экономикалық трансформация үдерісінің күшею кезеңіне айрықша қадам басты. Президент тапсырмаларын мүлтіксіз орындау тек ...

Читать далее »

Мақсат – айқын, міндет – зор

Халықаралық қатынастар мамандығы бойынша білім алып жатқан атыраулық студенттердің елшіліктерде тәжірибеден өтуге мүмкіндігі бар. Осы орайда Сыртқы істер министрлігі аталған салаға қызығушылық танытқан жастарға бағыт-бағдар беруге дайын. Мұнайлы өңірге жұмыс сапарымен келген Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы Ермек Көшербаев кездесу барысында жас буын өкілдерін ведомоствомен тығыз қарым-қатынас орнатуға шақырды. Сондай-ақ, ол «Азаматтық орталықта» болып, үкіметтік емес ұйым өкілдерімен еркін форматта ...

Читать далее »