Отбасының  да,  қоғамның  да  ажары

«Ауыл әйелі: жетістіктері мен болашағы». Исатай ауданының орталығы Аққыстауда өткен ауыл әйелдерінің облыстық І слеті осылай деп аталды. Шараның мақсаты – өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуында ауыл әйелдерінің жеткен жетістіктерін көрсету, сондай-ақ, мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарда, әлеуметтік салаларда қызмет атқаратын, өзін-өзі нәтижелі жұмыспен қамту ісінде озық қырынан танылып және кәсіп кілтін дөңгелетіп отырған ауыл әйелдерінің әлеуетін […]

Continue Reading

Мұнайлы өңірдің мүмкіндігі мол

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен кезекті брифингте Мақат ауданының әкімі Жұмабай Қарағаев өңірдің биылғы жылдың 11 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму барысы туралы хабарлама жасады. Он бір айда өнеркәсіп өнімінің көлемі 66 млрд. 604 млн.теңгені құрап,  былтырғыдан 38, нақты көлем индексі 100,2 пайызға өсті. Барлығы 423,6 мың тонна мұнай және 24,8 млн. текше метр ілеспе газ өндіріліп, өнім […]

Continue Reading

Нарын құмындағы қарбалас

Атырау аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен кезекті брифингте Исатай ауданының әкімі Марат Мурзиев қос өзен аралығын қоныстанған өңірдің биылғы он айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы баяндады. Есепті мерзімде өнеркәсіп өнімінің көлемі 160,3 млрд.теңгені, нақты көлем индексі 97,6 пайызды құрады. Барлығы 951,5 мың тонна мұнай және 33,1 млн.текше метр ілеспе газ өндірілді. Баламалы электр энергиясын өндіру жобасы […]

Continue Reading

Жем бойындағы жобалар

Биыл Жылыой ауданында өнеркәсіп өнімінің көлемі 5 трлн. 354 млрд. теңгені құрады. Аудандық бюджетке түсетін кірістің көлемі  ұлғаюда. Қазыналы өңірге қатысты осы және өзге жаңалықтар туралы Жылыой ауданының әкімі Азамат БЕКЕТ айтып берді. Аумағында алып компаниялар қызмет ететін Жылыойда құрылыстың көлемі 337 млрд. 100 млн. теңгені құрады. Аудан орталығындағы жаңа өнер мектебі келесі жылдың наурызында […]

Continue Reading

Атауы өзгерген ауылдар

Тәу етер тәуелсіздігіміз тарту еткен тәбәріктердің бірі ­­– жер, су атауларының ана тілімізде аталуына қол жеткізілуі. Мұның әсіресе, қазіргідей Мәңгілік ел, біртұтас ұлт болуға ұмтылып, қоғамымызды баянды болашаққа бастайтын рухани жаңғыру кезеңін бастап, ұлы даланың жеті қырына қайта бір үңіліп, төл тарихымызды түгендеуге бағыт алған кезеңде маңызы арта түсері кәміл. Бұл үрдіс тәуелсіздіктің елең-алаң шағынан […]

Continue Reading

Желден де жарық аламыз!

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Мұрат Иғалиевтің айтуынша, аймақта жаңартылған энергия көздерін енгізу жоспарланып отыр. Бұл тұрақты электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатындағы іс-шаралар ауқымында жүзеге асуда.  – Исатай ауданының аумағында 36 жел электр қондырғысы орнатылды. Қазір оны іске қосу, сынақ жұмыстары жүргізілуде. Аталған нысан келесі жылы пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр, – […]

Continue Reading