Аудандар

КӨМЕКТІ ҚАЛАЙ АЛУҒА БОЛАДЫ?

Газетіміздің 5 ақпан күнгі санында «Ұлы Жеңіске қосқан үлестері үшін – материалдық көмек» атты шағын хабар жарияланғаннан бері редакция телефонына тыным болмауда. Телефон шалушылардың бәрі де: «Соғысқа қатысқандар мен мүгедектерге тиісті 100 мың теңгені қайдан, қалай аламыз?», «Жеңіске үлес қосқандар 70 мыңды қашан алады?», «Тыл еңбеккерлері өздеріне тиісті 25 мың теңгені қалай ала алады?» - деп сұрайды. Осы мәселемен біз облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Балдай     Өтеғалиевамен тілдестік.

Читать далее »

АЛДА АТҚАРЫЛАТЫН ЖҰМЫС КӨП

«Ембімұнайгаз» АҚ Бас кеңсесінде геолог мамандар бас қосқан кеңейтілген мәжіліс өтті. Оған ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы Базарбай Нұрабаев, ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті төрағасының орынбасары Ниязбек Құрбанов, «Ақпараттық-талдау орталығы» РКМ бас директоры Мұрат  Төлегенов, Атырау облыстық геология және жер қойнауын пайдалану инспекциясының басшысы Құттығали Нәукиев және «Ембімұнайгаз» АҚ басшылығы мен мұнай-газ өндіру басқармаларының бас геолог мамандары қатысты. 

Читать далее »

ЖАС КЕЛСЕ – ІСКЕ!..

«Дипломмен – ауылға» акциясына орай бес жылдың ішінде ауданымызға 207 жас маман келіп, оларға әлеуметтік көтермеақы берілген. Ал, 41 жас маман бюджеттік несиеге қол жеткізіп, баспанаға ие болыпты.

Читать далее »

ҒИЗАТ БАТЫР ҒИБРАТЫ

Данқ орденінің толық иегері, Қазақ КСР-на еңбек сіңірген ауылшаруашылық қызметкері, Атырау облысының Құрметті азаматы, жерлесіміз Ғизат Әліповтің туғанына 90 жыл толуына орай Құрманғазы ауданында «Ұрпаққа ұлағат» атты мәдени шара өтті.

Читать далее »

ЕРІКТІ ЕҢБЕК ЕШ КЕТПЕЙДІ

Жылыойдағы үкіметтік емес ұйымдар мемлекеттік қолдаумен мақсат биігінен көріне бермек 

Жылыой ауданы әкімдігінің үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қолдау жөніндегі іс-тәжірибесі облыс көлеміне тарағаны белгілі. Ауданда өткен облыс әкімдігі жанындағы ҮЕҰ-мен қарым-қатынас жасау жөніндегі кеңестің көшпелі мәжілісіне барлық аудандар әкімдерінің орынбасарлары мен ішкі саясат бөлімдері меңгерушілері қатысып, өзара ой бөлісіп, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

Читать далее »

ҚАШАҒАН МҰНАЙЫ: БІРЛЕСКЕН ІС БЕРЕКЕЛІ

Бейсенбі күні облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғұмар Дүйсембаев «Аджип Каспиан СИ» компаниясының басшысы Бруско Гуидоны, «Эни С.п.А.» компаниясының Қазақстан мен Түркіменстанда жобаларды басқару жөніндегі  аға тете-президенті Даниеле Бертореллиді қабылдады. Кездесу барысында «Қашаған» консорциумы құрылымындағы өзгерістер кеңінен сөз болды.

Читать далее »

«ҚАҚПАҚТЫ ҚАРА ҚАЗАННЫҢ» ҚАЙТА ТҮЛЕГЕН СӘТІ

Қызылқоға ауданының 70 жылдығы салтанатпен атап өтілді
Өткен жұма күні Қызылқоға ауданының құрылғанына 70 жыл толуы салтанатпен атап өтілді. Оған облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғұмар Ислямұлы Дүйсембаев қатысып, селодағы халыққа қызмет көрсететін әлеуметтік нысандарды аралап, атқарылған жұмыстармен танысты.

Читать далее »

ӨРКЕНИЕТ КӨШІМЕН ӨРКЕНДЕГЕН ӨҢІР

- Мақсот Сайполұлы, алдымен жоталы жетпісіне көтерілген ауданның мерейтойы құтты болғай дейміз.

- Рахмет, осы сәтті пайдаланып, менің де әуелі барша ауылдастарымды ауданның жеті ондықты толтырған торқалы тойымен құттықтағым келеді. Баршасының өміріне жақсылық, қадамына сәттілік, отбасыларына амандық, шаңырақтарына шаттық тілеймін!

Читать далее »