Аудандар

АЛЫС АУЫЛДАРҒА – ТАЗА СУ

Өткен аптада Жылыойдың Майкөмген ауылы мен Ақкиізтоғай елді мекендерінде айта қаларлықтай оқиға болды. Ауыз суды әупіріммен су машинасы арқылы ақылы негізде тасып ішіп отырған майкөмгендіктер мен ақкиізтоғайлықтар енді бұл мехнаттан түбегейлі құтылатын болды.

Читать далее »

ЖАСТАРДЫ ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА ЖОБАСЫ

«Шеврон» компаниясы облыстық әкімдікпен келісіп, облыс орталығындағы жастар бағдарламасының жалпы жоспарын құрды. Жастардың қажеттіліктері мен мүдделерін негізге ала отырып, компания өмір дағдыларын дамыту, кәсіби білім беру және STEM (ғылым, технология, жобалау және математика) оқыту жобасын ұсынып отыр.

Читать далее »

ДІН ҰСТАНЫМЫН ДҮМШЕ БҰЗАДЫ

Зайырлы мемлекеттегі діннің рөлі қандай? Дінді өз алдына бөлек алып қарастыру қаншалықты дұрыс? Ақиқат жолды қалай анықтауға болады? Атырау селолық округінде жергілікті жұртпен кездескен республикалық ақпараттық-насихаттық топ өкілдері осы сұрақтарға жауап берді.

Читать далее »

ҚОЛЖЕТІМДІ БАСПАНА АУДАНДА ДА САЛЫНАДЫ

Махамбет. «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Атырау облысы бойынша филиалының өкілдері таяу күндері ауданда болды. Олар аталған қаржыландыру мекемесі арқылы жүзеге асырылатын несиелік бағдарламалар жүйесі жайында түсінік берді.

Читать далее »

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ БЕРІЛДІ

Индер. Жақында «Нұр Отан» партиясы Индер аудандық филиалы ғимаратында «Шаңырақ-2008» үкіметтік емес ұйымы аудан әкімі аппаратымен бірлесіп, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері –Тәуелсіз елдің мызғымас негізі» атты облыстық конференциясын өткізді.

Читать далее »

«ҚАУІПСІЗ АУЛА»

Құрманғазы. Осындай атпен Құрманғазы ауданында республикалық акция ұйымдастырылды. Оның негізгі мақсаты – ауланың қауіпсіздігі мен тазалығының жай-күйін анықтап, қоғамдық тәртіптің сақталуын қадағалау. Акцияның негізінде құрылған комиссия мүшелері  көп қабатты үйлерді аралап, тұрғындармен кездесті.

Читать далее »

АР АЛДЫНДА АДАЛ БОЛ!

Сәрсенбі күні өткен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Атырау облысындағы Тәртіптік кеңес отырысының күн тәртібінде  қаралған бес мәселенің үшеуі  Құрманғазы ауданының жергілікті атқарушы органдары қызметкерлеріне қатысты болды.

Читать далее »

ТӘРБИЕ – ТАЛБЕСІКТЕН

Бүгінде кейбір ата-аналардың жауапсыздығынан  балалар зардап шегуде. Сол себепті, бір ғана комиссия отырысында бес, кейде он балаға қатысты әр түрлі мәселелер қаралады. Бұл туралы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссияның отырысында атап айтылды.

Читать далее »

КӨРНЕКІ АҚПАРАТ КӨКЖИЕГІ

Халыққа түрлі мағлұмат беретін көрнекі ақпараттың ахуалы – маңызды мәселе. Осыған орай облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы қоғамдық бірлестіктер өкілдерін тарта отырып, Атырау қаласындағы халыққа қызмет көрсететін бірқатар нысандарда, соның ішінде «Ару Плаза» сауда ойын – сауық кешені, «Балықшы» базары, «Сауран» сауда орталығы және басқа мекемелерде қоғамдық акция өткізді.

Читать далее »