Аудандар

Бақуатты тұрмыс көзіне айналса…

Жер – ықылым заманнан халқымыздың киелі мұрасының бірі. Осы ұлан-ғайыр даламыз ерекше аялауды, күтімді қажет етеді. Әсіресе, ауыл шаруашылығы мақсатында қолданылатын құнарлы жердің нақты иесі болса, бұл осы саланы өркендетуге өзіндік  септігін тигізер еді. Бұған біздің «Райхан» шаруа қожалығының мысалынан нақты деректер келтіруге болады. Қазір иелігімізде 49 жылға жалға алынған 300 гектар жер бар. Оның 70 гектарына көкөніс, бақша дақылдарын ...

Читать далее »

ЖҮЙЕЛІ ЖОБАЛАРДАН – НАҚТЫ НӘТИЖЕ

«Жерге оны күтіп-баптайтын нағыз ие қажет».

Нұрсұлтан Назарбаев.

Облыс бойынша агроөнеркәсіп кешенінде 1 805 шаруашылық құрылымы тіркелген. Өткен жылы бұл саланың жалпы өнімі 48,8 млрд. теңгеге жетті. Мемлекет тарапынан ауыл кәсіпкерлеріне жан-жақты қам-қорлық жасалуда.  Соңғы үш жылда облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдауға 22 млрд. теңге бөлінді. Аграрлық саланың игілігіне арналған бұл қаржының тоқсан пайызы мемлекетке қайтарылатын болады.

Читать далее »

ЖЫЛҚЫ ЖҰТЫЛҒАН КҮН

Исатай ауданында газ құбырын жүргізу үшін қазылған жасанды апанға түсіп кеткен 39 жылқы мен бір түйе мерт болды.

Аққыстау селосынан 25 шақырым қашықтықта орналасқан Жаңаталап кен орнында болған оқиға қаңтар айының басында боранды күндердің бірінде орын алған. Анықтағанымыздай, газ құбырын жүргізуге жауапты «МонолитИнвест» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жұмыстарды өткен жылдың 31 желтоқсанында аяқтауды жоспарлаған.

Мекеме басшысының айтуынша, қаржының қиындығына байланысты қажетті жабдық сатып алынбай, жұмыс аяқсыз қалған. Оның үстіне, ауа райының аяқасты құбылып, боранның cоғуы «жығылғанға  жұдырық» болды. Бұл далада қараусыз жайылып жүрген жануарлардың жыраға түсіп кетіп, өлім-жітіміне әкеп соққан. Ендігі уақытта мәселенің мәнісі қалай шешілуде? Осыған орай оқиғаға қатысты бірқатар адамды сөзге тартқан едік.

Читать далее »

АУЫЛДАҒЫ ЖАҢАШЫЛ ҰЖЫМ

Индер. Мемлекет басшысының Жолдауында атап көрсетілгеніндей, кәсіптік білім беру жүйесін уақыт талабына сай жетілдіру міндетін абыроймен орындауды мақсат тұтып, табысты еңбектеніп келе жатқан ұйымдардың қатарында аудан орталығындағы көп бейінді ауыл шаруашылығы колледжін атауға болар еді.

Читать далее »

ТЕАТР – РУХАНИ ТӘРБИЕ ҚҰРАЛЫ

Театр қоғамды адамгершілік пен рухани құндылыққа бастайтын жол десек те артық етпейді. Әдеби шығарманы сахналық қозғалыспен, яғни, өзіне ғана тән театрлық бояумен жаңа күйге енгізіп, ондағы өзара қарым-қатынастарды тірілтеді.

Читать далее »

БАРШАМЫЗ АЛДЫНДА БАС ИЕТІН…

«Мұғалім рухын бірде-бір кітап алмастырмауы қажет және алмастыра алмайды да» деп белгілі ғұлама Адольф Дистервег тұжырым жасаған. Шынында да, адамдықтың шыңына жеткен бір жан болса, ол – ұстаз. Бір мамандық бар, жүз маманның жасағанына жете алмайтын, ол –ұстаздық. Мұғалім бола салу – оңайдың оңайы, ал жақсы мұғалім болу мыңның біріне ғана бұйырады. Ұстаз – жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, еш нәрсені ұмытпайтын алғыр да, аңғарымпаз ақыл иесі, мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл жан. Себебі, әр адам–қайталанбас тұлға. Оның жан дүниесі – өзінше бір әлем. Ал, ұстаз – сол әлемді шар-тарапқа жетелеуші. Ұстаз –бала болмысына өзгеріс енгізуші, бағыт-бағдар беруші, ата-ананың сенімді көмекшісі.

Читать далее »