Аудандар

Ардагерге – көше атауы

ЖЫЛЫОЙ.   Елі үшін ерен еңбек етіп, халық ықыласына бөленген жанның бірі, Фин және Ұлы Отан соғыстарына қатысқан ардагер Хасан Алдақов болатын. Жақында Жаңа Қаратон кентіндегі №30 көшеге аудандағы мұнай кеніштерін алғашқы ашушылардың бірі болған, қос майданның ардагері Хасан Алдақовтың есімі берілді. Ардагерді еске алып, көшеге есімін беру шарасына жиналған жұртшылық, туыстары мен ұрпақтары ардагер ағаның еңбегін елеусіз қалдырмай, есімін ...

Читать далее »

Жұмысы бардың – ырысы бар

ИСАТАЙ.   Ауданда «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жыл басынан бері 651 адамға кеңес берілген. Аталмыш бағдарламаға қатысуға ниеттілерден 433 өтініш түскен. Олардың көбі жұмыссыздар Бағдарламаның инфрақұрылымды және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтамасыз ету бағыты бойынша Жанбай ауылындағы мектеп күрделі жөндеуден өтуде. Бұл жұмысты қолға алған «ГАММАС –С» ЖШС ауылдың 45 адамына ...

Читать далее »

Тәуелсіз елдің тарихи жеңісі

Кешенді  дамуға  даңғыл  жол  Қазақстан – ТМД шеңберінде, тіпті, әлемде десе де болады жаңа Елордасын салған тұңғыш мемлекет. Елбасының көрегендігі мен ерік-жігерінің нәтижесінде Қазақстан әлемде тағы да тұңғыш рет ядролық қарудан өз еркімен бас тартты. Ал, күні кеше ғана Орта Азия елдері арасында тарихта алғаш болып,  Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесінің 2017-2018 жылдарға уақытша мүшелігіне сайланып, мемлекетіміздің абыройы асқақтай түсті. ...

Читать далее »

Қала жолдары жөнделе бастады

 Атырау қаласының әкімі Нұрлыбек Ожаев Еркінқала ауылдық округіне барып, мұнда күрделі жөндеуден өтіп жатқан ауылішілік жолдардың сапасын тексерді. Аталған округте жалпы ұзындығы 46710 шаршы метрді құрайтын (7-8 шақырым) жол мен 6091 шаршы метр жаяу жүргіншілер жолы күрделі жөндеуден өтуде.  Қазіргі таңда жұмыстың жартысынан астамы орындалған. Жұмысшылардың айтуынша, ағымдағы жылдың шілде айында толық аяқталады. – Қазір алты көшеде жөндеу жүруде, – ...

Читать далее »

Теміржол бойы – толған мал

 Атырау стансасы ішкі істер желілік ІІЖб әкімшілік полиция қызметкерлері теміржол бойында иесіз малдың жүруін болдырмау үшін алдын алу жұмыстарын ұдайы жүргізіп келеді. Алайда, оқыс оқиғалар, қылмыс пен құқықбұзушылық әлі де азаяр емес.  Қазір «Теміржолда – темірдей тәртіп» акциясы жүруде. Бұл акция азаматтарды құқықтық ақпараттандыруға, құқықбұзушылық жасағаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктерін, көлік объектілерінде жүріп-тұру қауіпсіздігі қағидаларын түсіндіруге, көлік жарақатының алдын ...

Читать далее »

Жайылымы жоқ ауыл жекеменшік малын қалай бағарын білмей отыр

  Құрманғазы ауданындағы Көптоғай ауылы – еліміздің батыстағы ең шеткі нүктесі. Облыс орталығынан шалғай орналасқан бұл ауыл Ресейдің Астрахан облысымен шекаралас. Сондықтан да болар, Кеңес үкіметі кезінде Краснояр ауданына қарасты Бәйбек ауылымен төскейде малы, төсекте басы қосылып, екі ел арасындағы достастық бауырластыққа ұласқаны да рас. Алайда, еліміз егемендігін алғаннан кейін екі ел өз шекараларын бекітіп, ортаға терең ор қазды, тікенек ...

Читать далее »

«Жарық жұлдыздың» жеңімпазы

  Астанадағы «Қазмедиа» орталығында ҚР Білім және ғылым министрлігінің халықаралық «Жастар әлемі» қоры ұйымдастырған «Жарық жұлдыз» атты халықаралық телевизиялық байқауында Индербор кентіндегі «Борат» мәдениет үйінің әншісі Мұратбек Жұмашевтың жолы болды. Талғамы биік Астана жұрты мен байқау қазылары қазақтың халық әні «Екі жиренді» асқақтата орындаған Мұратбектің өнеріне ықыласпен қол соғып, құрмет көрсетті. Әнді орындау шеберлігінен әділқазылардың жоғары бағасын алған жерлесіміз халықаралық ...

Читать далее »

Генералдан алған диплом

  Нұрғиса Тілендиев атындағы Кіші өнер академиясының актерлік шеберлік сыныбында оқитын махамбеттік Ербол Өтепқалиев жақында Қарағанды қаласында өткен ІІ республикалық «Айбын» әскери-партиоттық жастар жиынына қатысып, олжалы оралды. Еліміздің жоғары оқу орындарындағы әскери кафедралардың студенттері мен мектеп-интернаттарда тәрбиеленуші сегіз жүзден астам жас қатысқан сайыста Ербол әскерилендірілген эстафеталық жарыста шебер өнер көрсетіп, барлық сынақтарды сәтті аяқтады.Әскери-патриоттық жастар жиынының басқарушысы, генерал-майор М.Таласовтың қолынан ...

Читать далее »

Академиялық оркестр – ауылда

 Төрткүл дүниенің жүзге жуық елін аралап, ұлттық өнерімізді ұлықтап, тыңдарманына танымал болған Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі Махамбет, Исатай, Мақат аудандарында болып, өнер көрсетті.   Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы құрметіне «Ұлы дала мұрасы» атты концерттік жобамен қазыналы аймаққа келген сексен жылдан астам тарихи белесті бағындарған атақты оркестрдің өнерін ауылдағы ағайындар шын ықыласпен қарсы алды. Ауыл ...

Читать далее »

Жылыойда жылыжай салынбақ

  Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасына енгізілген жобаның бірі – «Атырау-Сауда» ЖШС-нің жылыжайы. Жергілікті халықты экологиялық таза әрі сапалы көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатын көздейтін бұл жоба биылғы жылы жүзеге асырылуға тиісті. Жылыойлықтар үшін жылына 480 тонна қияр, 350 тонна қызанақ, 185 тонна тәтті бұрыш өсіруді көздейтін көкөніс жылыжайының көлемі 2,1 гектарды құрайды. Қазір серіктестік басшылығы израаиьдік «Нетафим» компаниясымен ...

Читать далее »