Сарайшық музейінде заманауи сапар орталығы салынады

Махамбет ауданы Сарайшық селосындағы «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорықтың сапар орталығының құрылысы биыл басталады. Бұл туралы Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев халыққа есеп беру жиынында айтты.   Жобаға сәйкес бұл орталық туристер мен келушілер үшін барлық жағдай жасалған толық кешен болады. Мұнда әкімшілік ғимарат, қонақүй, шаруашылық-тұрмыстық үйі секілді бірнеше ғимарат салу жоспарланып отыр. Екі қабатты әкімшілік […]

Continue Reading

2019 жылы облыс халқының 99,7 пайызы табиғи газбен қамтылады

Атырау облысында шалғайдағы елді мекендерді газдандыру жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл туралы бүгін, 21 ақпанда аймақ басшысы Нұрлан Ноғаевтың халыққа есеп беру жиынында айтылды. Қазір Құрманғазы ауданы Азғыр аймағындағы 10 елдімекенде ұзындығы 365 км (Балқұдық, Азғыр, Қоңыртерек, Асан, Үштаған, Сүйіндік, Жалғызапан, Батырбек, Егінқұдық, Қошалақ) магистралды және ауыларалық газқұбыры құрылысы жүріп жатыр.  Бүгінгі күні оның 53 шақырымы […]

Continue Reading

Атырауда жайылымдар мәселесі қашан шешімін табады?

Жуырда облыс әкімі Нұрлан Ноғаев Махамбет ауданында өткізілген көшпелі мәжілісте мал шаруашылығы үшін жайылымдарды суландырудың маңызды екенін атап айтқан еді. Ең бастысы, атакәсіпті табысты дамыту үшін жайылымдарды тиімді пайдалану дәстүрін берік сақтауымыз қажет. Әрине, осы тұрғыдан келгенде, жылдар бойы қордаланып қалған, оңтайлы шешімін күткен проблемалар да жеткілікті. Бұл – біріншіден, жайылымдық жердің деградацияға ұшырауы (ол […]

Continue Reading

Жылойлық полицейлер баспаналы болды

Жылойда аудандық ішкі істер бөлімінің 9 полицей қызметкеріне пәтер кілті табыс етілді. Салтанатты шарада Жылой аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы полиция полковнигі Марат Тағаниязов қызметкерлерді құттықтап, Атырау облысы ішкі істер департаменті бастығы полиция полковнигі Дүйсембаев Аян Сәбитұлының игі бастамаға себепші болғандығын атап өтті. Баспаналы болғандардың бірі – Жылыой аудандық ішкі істер бөлімі жергілікті полиция қызметінің […]

Continue Reading

Құлсарыда теміржол вокзалы салынады

Теміржол вокзалы – әрбір қаланың келбеті, тыныс тіршілігін таныстыратын алғашқы аялдама. Өкінішке орай, Құлсары вокзалы мұндай талапқа сай емес. Ауданға іссапармен барған “Нұр Отан” партиясы Атырау облыстық филиалының өкілдері Құлсары вокзалының жай-күйімен танысты. 1966 жылы салынған вокзалдың тозығы жеткен. Аудан халқының санымен салыстырғанда тарлық етеді. Оның үстінде, халыққа да қолайлы емес. Әзірге Құлсары вокзалында касса және […]

Continue Reading

Белгілі журналист Сәулеш Шәтенованың «Алыста қалған Ауғанстан» атты кітабының тұсауы кесілді (ФОТО)

15 ақпан – Ауғанстаннан кеңес әскерінің шығарылғанына 29 жыл толуына орай Жылыой аудандық мәдениет үйінде белгілі ақын, танымал журналист, аудандық «Кең Жылой» газетінің бас редакторы Сәулеш Шәтенованың «Алыста қалған Ауғанстан» атты кітаптың тұсаукесері өтті. Кітапта Ауған соғысында қайтыс болған жылыойлық қос жауынгер туралы естеліктер мен арамызда жүрген ардагерлердің жасаған ерліктері суреттелген. Мерекелік шараға Ауған соғысы […]

Continue Reading