Әр жұмада нан тегін таратылады

Нан – тоқшылық бел­гісі. «Нан болса, ән де болады» деген сөз кешегі Кеңес заманынан қалса да ас атасы мол бол­ған сайын елдің берекесі тасып, ырысы молаятыны белгілі. Ауданымыздағы Мақаш ауылдық округінің бір топ жеке кәсіпкерлері әлеуметтік көмекке зәру, қамқорлықты қажет ететін отбасыларға қасиетті әр жұма сайын тегін нан тарату ісін қолға алды.  Кімнің де болса […]

Толығырақ...

Мақат ауданына жаңа әкім тағайындалды

Атырау облысы Мақат ауданына жаңа әкім тағайындалды, деп хабарлайды Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі. Бүгін, 2 мамырда Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев ауданның бұрынғы әкімі Берікқали Сәрсенғалиевтің басқа жұмысқа ауысуына байланысты бұл лауазымға Жұмабай Қарағаевтың кандидатурасын ұсынды. Депутаттар кандидатураны бірауыздан қолдады. Аймақ басшысы жаңа әкімнің мемлекеттік қызметтегі тәжірибесі оның алдына қойылған міндеттерді орындауға мүмкіндік беретініне сенім […]

Толығырақ...

Миялыда әуежай салынады

Аудан орталығында жергілікті маңыздағы ұшақтар мен тікұшақтар ұшып-қонатын әуежай салынбақ. Бұл туралы Миялы ауылдық округінің әкімі Нұрлан Бекешев мәлімдеді. Оның айтуынша, таяудағы үш жылдың жоспарына сәйкес, мұнда такси тұрағы, өрт сөндіру депосы мен ипподром, су бұрқақтарын салу, ауыл көшелеріне қатқыл табанды жол төсеу мен жаңғырту, жарықтандыру жұмыстары қолға алынуы тиіс. Сонымен қатар, жаңадан 184 тұрғын үй […]

Толығырақ...

Жемқорлықпен күрес бағытында марафон ұйымдастырылды

Атырауда сыбайлас жемқорлықпен күреске бағытталған «Адал жол» марафоны өтті, деп хабарлайды Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі. Шараны Атырау облысы Жылой ауданы әкімі аппараты ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментімен бірлесіп орталық алаңда ұйымдастырды. Шараға «Нұр Отан» партиясының орталық аппаратының партиялық бақылау департаментінің басшысы Нұрлан Баймұрзаев, Арнайы мониторингтік […]

Толығырақ...

Бір шаңырақта тұратын бес келін – қазақы тәрбиенің жарқын көрінісі

Отбасы – шағын мемлекет. Онда адам бойындағы асыл қасиеттер қалыптасады. Сол себепті де біз отбасын Отанның кішкентай бір бөлшегі ретінде қарастырамыз. Қазіргі таңда «отбасы» сөзінің маңыздылығын түсінетін де түсіндіретін жандар азайып тұр. Өйткені, қоғамда болып жатқан отбасы төңірігінде орын алатын екі жас арасындағы жағдайларға (ұрыс-жанжал, ұрып-соғуларға) күн өткен сайын үрейлене қараудан қалдық. Екі жастың бір-бірімен […]

Толығырақ...

Енді дрондар шалғай ауылдарға төрт келі жүк жеткізеді

Қазпошта шалғай ауылдарға газет-журнал мен хат жеткізу үшін төрт келіге дейін жүк көтеретін ұшу апараттарына сынақ жүргізілуде. Еске сала кетсек, өткен жылдың қыркүйек айында екі келіге дейін жүк көтеретін пошталық дрондар ұшырылған еді. «Поштаны тасымалдайтын автокөліктерден басқа 37 пошталық вагонымыз бар, оған қоса шалғайдағы ауылдарға поштаны 2 келіге дейін көтеретін дрондармен жеткізуді қолға алдық. Кейде […]

Толығырақ...