Аудан хабарлары

Жылыой ауданы әкімінің орынбасары тағайындалды

Бүгін Жылыой ауданының әкімі Азамат Бекеттің бұйрығымен аудан әкімінің орынбасары қызметіне Рашев Жантөре Сәкенұлы тағайындалды, деп хабарлайды Жылыой ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі. Жантөре Сәкенұлы Рашев 1989 жылы Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары поселкесінде (қазіргі Құлсары қаласы) дүниеге келген. Білімі жоғары, 2011 жылы Атырау инженерлік-гуманитарлық институтын «қаржы бакалавры» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2008-2011 жылдары аралығында Құлсарыдағы «Олжа» АҚ-да еңбек жолын операторлықтан бастап, ...

Читать далее »

Индер ауданында 200 жас жұмыспен қамтылады

Индер ауданында «Жасыл ел» жасағының 14-ші еңбек  маусымы ашылды. Индербор кентінің әкімі Ролан Тұрабаев жастарды туған өлкені көркейтуге шақырды. Ауданда маусым-шілде айларында 138 жас жұмыспен қамтылған. Ал, тамыз айында 62 жасты еңбек жасағына алу жоспарлануда. Олар «Жеңіс», «Көктем» саябағы мен ауылдық округтердегі, мектеп, балабақша, әкімдік аулаларын көгалдандыруға атсалысуда. «Өткен жылы 210 студент және жұмыссыз жастар «Жасыл ел» еңбек жасағында болып ...

Читать далее »

Мақат ауданында коворкинг орталығы ашылды

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының қолдауымен балалар кітапханасында коворкинг орталығы ашылды. Бұл Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында атап көрсетілген айқын бағыттарды жүзеге асыру мақсатымен партияның «Қазақстан кітапханалары» жобасы аясында қолға алынған іс. Орталықтың ашылу салтанатына келген аудан әкімінің орынбасары Хайдар Төлеуішов пен «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әсима Мендалиева лентасын қиып, ардагерлер кеңесінің төрағасы Сәбит Халенов бастаған ...

Читать далее »

Индерде Жайық өзеніне қатысты халықаралық басқосу өтті

Халықаралық  ХХІІ  «Жайық-Орал-2018» тарихи-мәдени, экология және спорт-туристік экспедициясы қойнауы құтқа толы Индер ауданында болды. Ресей Федерациясының Орынбор өлкесі мен Батыс Қазақстан облысы өкілдерінен құралған арнайы топ бірқатар нысандарды аралап, Жайық өзеніне қатысты алқалы жиында бас қосты. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында көтерілген туған жер мен табиғатты қорғау, оның экологиясын жақсарту мәселелеріне орай, «дөңгелек үстелге» жиылғандар батыс ...

Читать далее »

Теңіздіктерді не толғандырады?

№18 сайлау округі бойынша облыстық мәслихат депутаты Өмірзақ Зинуллин Құрманғазы ауданының Теңіз ауылдық округінде тұрғындармен кездесті. Облыстық мәслихат депутаты Елбасының «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты Үндеуі бойынша облыс көлемінде атқарылып жатқан істер туралы атап айтты. Солардың бірі – «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасы. Бұл бағытта 44 көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы жүруде. Оның 34-і осы жылдың аяғына дейін беріледі. «7-20-25» ...

Читать далее »

Нұрлан Ноғаев: Әкімдіктер тұрғындардың өмірін жақсартуға барынша жұмыстануы тиіс

Құрманғазы ауданына жұмыс сапары барысында Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев ауылдық елді мекендерді дамытуға қатысты бірқатар нақты тапсырмалар берді, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі. Азғыр өңіріне сапарының екінші күні Нұрлан Ноғаев бірқатар әдеуметтік объектілерді аралап, Асан, Қоңыртерек, Қоянды, Жалғызапан жәнеи Батырбек ауылдарында жергілікті тұрғындармен кездесті. Өңір басшысы шалғайдағы елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету жергілікті атқарушы органдардың алдында ...

Читать далее »