Таңдайдың тақтай көпірі темірден қайта салынды

Таңдай ауылының оңтүстік шығысындағы «Боқсақ» өзегінен өтетін көпір салуды қолға алған Оңайбай Көшеков ағамыз болатын. Жуан томарлардан (бөрене) құрастыру жолымен көпір салынып, көп мәселе оңтайлы шешіліп еді. Уақытында облыс орталығынан тасымалданатын құрылыс материалдары, жанар-жағармайлар, жем-шөп пен өзге де қажеттіліктер осы көпір арқылы жеткізілетін. Тіпті, егіс учаскелеріне төтелей қатынаудың басты бағыты да осы көпір болғанын көзіміз […]

Continue Reading

Қойнауына қазына, тасына тарих тұнған…

Өткен апта соңында «Атырау-Ақпарат» медиа  серіктестігінің ұйытқы болуымен басталған «Ұлтқа – мұра, ұрпаққа – рух!» атты тарихи-танымдық экспедициясының сапары одан әрі Индер, Махамбет, Исатай және Құрманғазы аудандарындағы киелі орындар мен көне қорымдарға мінәжат етіп, тарихына тереңірек үңілумен жалғасты. «Атырау-Ақпарат» ЖШС директоры, облыстық мәслихат депутаты Баязи Әбдешев бастаған делегацияны Индер ауданы әкімі Серік Арыстан Жарсуат ауылдық […]

Continue Reading

Көшеттер күтімді қажет етеді

Құрманғазы ауданының орталығында кезекті тал егу акциясы ұйымдастырылды. Орталық саябақтарда жасыл желек жайқалып тұр. Тек енді күтіп-баптау ісі үзілмеуі тиіс. Аудан әкімінің міндетін атқарушы Жандос Бектеміров осыны қаперге берді. Мұндағы көгалдандыру жұмыстарымен тендер байқауының жеңімпазы – жеке кәсіпкер Серік Баязитов айналысуды қолға алған. Ол Сафон ауылындағы орман алқабынан 300 терек әкелді. Сондай-ақ, ағаштарды суару мәселесін де […]

Continue Reading

Атыраулық аңыз – Андашевтің атында ашық турнир өтті (+ФОТО)

Атырау қаласында КСРО спорт шебері Қамбар Андашевті еске алуға арналған дәстүрлі жасөспірімдер арасында бокстан ашық республикалық турнир өтті. Оған Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қызылорда, Жамбыл, Павлодар облыстарынан және Өзбекстан республикасынан былғары қолғап шеберлері қатысты. Нәтижесінде, Құрманғазы ауданы Ломоносов атындағы орта мектептің 11-сынып оқушысы Аялан Құмарғалиев 66 келі салмақ дәрежесінде  бірінші орынды жеңіп алды. Кейінгі кездері көптеген жарыстан жүлделі […]

Continue Reading

Алыптар ауылдан шығады…

Құрманғазы талай спорт саңлақтарын түлеткен өлке. Соның ішінде Жорес Ысқақовтың өзі бір төбе. Ол Ұлы Отан соғысына қатысушы, Қазақстан чемпионатының алты мәрте жеңімпазы, КСРО халықтары спартакиадасының жүлдегері атанған. Спортқа есейіп барып келген ол, соғыстан кейін физкультура институтында оқып, еркін күреспен шұғылданады, спорт шебері атанды. Республикалық жарыстарда тең қарсылас көрмеген Жорес Абдошұлы еліміздің құрамасы сапында одақтық жарыстарға барып […]

Continue Reading

Индербор кентінде енді бағдаршам бар

Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Индербор кентінде алғаш рет бағдаршам орнату жұмыстары жүріп жатыр. Бүгінде аудан орталығында көлік саны көбейді. Әрі, кент іші халықаралық магистралды жолға айналып отыр. Сондықтан да бағдаршам қажеттіліктен туындауда. – Алдымен, бағдаршамды кентке кіреберістегі Тайсойған мен Д.Қонаев көшелерінің қиылысына қоюды ұйғардық. Өйткені, бұл жолда кептеліс көп. Келесі жылы басқа да орталық […]

Continue Reading