Аудан хабарлары

Атырауда жаңа көпір ашылды

Атырау облысының Махамбет ауданында Жайық өзені арқылы өтетін жаңа көпір ашылды. Нысан транзиттік жүк тасымалын жандандыру бағдарламасы аясында іске қосылып отыр. Бұл – мұнайлы өңірде автокөліктер үшін Жайық өзені үстінен салынған жетінші көпір. Көпірдің ерекшелігі сол, ол толықтай тірексіз темір-бетон қондырғыларынан құрастырылған. Жалпы, көпірдің ұзындығы 860, ені 13 метр болса, ең үлкен қанаты 120 метрді құрайды. Ал, екі жолақты автокөлік ...

Читать далее »

Зерделіден – зерлі сөз

Мақат ауданына қарасты Доссордағы мәдениет үйінде ұрпақтар сабақтастығын арттыру, ұлттық өнеге, салт-дәстүрлер мен адами құндылықтарды дәріптеу мақсатында тағылымы мол кеш өтті. Кештің қонағы – Кеңес Одағының Батыры, жазушы Бауыржан Момышұлының келіні, этнограф-жазушы, «Шуақты күндер», «Бабалар аманаты», «Күре тамыр» кітаптарының авторы Зейнеп Ахметова. «Ата аманаты» атты кездесу кешіне халықаралық «Қазақстан-ZAMAN» газетінің бас директоры, ҚР-ның Еңбек сіңірген қайраткері Сәуле Мешітбайқызы, Мақат пен ...

Читать далее »

Құлсарыдағы дүбірлі дода

Таяуда Құлсары қаласында Жылыой ауданындағы  мәдениет және  спорт салаларының дамуына зор үлес қосқан азамат, білікті бапкер, спорт ардагері Нұрсипат Манапұлының құрметіне шәкірттері ұйымдастырған бокс және ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді. Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Атырау облыстарынан келген  127 жасөспірім қатысқан бокс турнирі үш күнге созылып, жалпыкомандалық есеп бойынша Құлсары қаласының жас былғары қолғап шеберлері бірінші орынды иемденсе, Жаңа Қаратон кентінің ...

Читать далее »

Сағыздан самғаған Сұңқар

Нұрмұхан Жантөрин атындағы облыстық филармонияда ҚР Мәдениет саласының үздігі, Президент стипендиясының иегері, композитор-әнші  Есенбай Құлидың «Айқалқа» атты шығармашылық кеші болып өтті. Тамаша әндері мен табиғи дарыны арқылы көпшілікке танымал өнер иесінің кеші сахна төріне шыққан әнші-сазгердің «Айқалқа» шығармасын орындауымен басталды. Кеш иесі одан әрі  халық жазушысы Әбіш Кекілбай мен маңғыстаудың марқасқа ақындары Сабыр Адай мен Светқали Нұржандардың  сөздеріне жазылған «Дәуренім ...

Читать далее »

Демеушілер Құрманғазы орталық “Темірәлі” мешітіне баспана тарту етті

Басыбайлы баспананың кілтін аталмыш ауданға сапары аясында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкілі Батыржан Мансұров жұма намазы кезінде жамағат алдында салтанатты жағдайда тапсырды. Айта кетерлігі, аталмыш үй “Темірәлі” мешітіне демеушілер тарапынан беріліп отыр. Енді, бұл үйді мешіт қызмет қылу үшін келген имамдардың қызметтік пәтері ретінде пайдаланатын болады. Төрт бөлмелі кең үйдің ауласында екі бірдей шағын үй де тұрғызылған. ...

Читать далее »

Таңдайдың тақтай көпірі темірден қайта салынды

Таңдай ауылының оңтүстік шығысындағы «Боқсақ» өзегінен өтетін көпір салуды қолға алған Оңайбай Көшеков ағамыз болатын. Жуан томарлардан (бөрене) құрастыру жолымен көпір салынып, көп мәселе оңтайлы шешіліп еді. Уақытында облыс орталығынан тасымалданатын құрылыс материалдары, жанар-жағармайлар, жем-шөп пен өзге де қажеттіліктер осы көпір арқылы жеткізілетін. Тіпті, егіс учаскелеріне төтелей қатынаудың басты бағыты да осы көпір болғанын көзіміз көрді. Оған қоса, ауыл тұрғындарының ...

Читать далее »