CАЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫМЫЗ БОЛСЫН

1997 жылдан бастап, жыл сайын қарашаның үшінші бейсенбісінде әлемнің көптеген елдерінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қолдауымен темекі шегуден бас тартудың халықаралық күні аталып өтіледі. Биыл осы күнге байланысты темекі шегудің профилактикасы онкүндігіне салауатты өмір сүруді насихаттау күні ұштасып отыр. Бұл халықаралық онкүндік темекі шегуге тәуелділіктің таралуының төмендеуіне ықпал етіп, халықтың барлық топтарын темекі шегудің алдын алу және темекінің денсаулыққа зиянды әсері туралы хабардар ету, темекі шегу – тәрбиесіздік және жағымсыз әдеп екендігіне заманауи жас адамдардың көзін жеткізу мақсатында халық арасында, жалпы білім беру мектептерінде, арнаулы жоғары, орта оқу орындарында 12-21 қараша аралығында атап өтілді. Соның бірі салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығына қарасты «Темекіге қарсы күрес» кабинеті өз жоспары бойынша ағымдағы жылғы 23 қарашада «Тамаша» ойын-сауық орталығында Атырау облысы жастар саясаты мәселелері басқармасымен бірлесіп, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің студенттері еріктілермен «Темекісіз таза ауа» атты флеш моб,«Никотин орнына дәрумен» атты акция ұйымдастырылды.
Темекіге қарсы күрес кабинеті арнайы бұйрық бойынша темекі шегушіліктің алдын алу бағдарламасын орындауда. Темекіге қарсы күрес кабинетіне келуші, темекі тартудан арылғысы келетіндерге емдеу-профилактикалық, психологиялық, консультациялық көмек көрсетіледі. Темекі тартудың алдын алу мәселелері бойынша халық арасында ақпараттық іс-шаралар ұйымдастырылып, яғни конференциялар, кеңестер, «дөңгелек үстелдер», акция, семинар, сұхбаттар өткізіледі, дәріс оқылады. Жасөспірімдермен жұмыс жүргізу үшін жастардың арасынан еріктілер іріктеліп, темекіге тәуелділіктің алдын алу жұмыстарына жұмылдырылып отырылады.
Қазіргі уақытта, соның ішінде Қазақстанда темекі шегушілер саны өте көп. Сөйтіп, темекідегі никотиннің адамды мүгедектікке және өлімге алып келу қаупі өте зор. Темекі шегудің әлеуметтік тұрғыдан алып қараған кезде оның қоғамға және мемлекетімізге тигізетін зияны да өте жоғары дәрежеде болады.
Әлемде өлімнің 90% өкпе қатерлі ісігінен, 75% созылмалы кеуде ауруынан және 25% жүректің ишемиялық ауруларынан болады. Ал, бұл ауру түрлері темекі шегумен байланысты. Денсаулық салауатты өмір салтын ұстануға байланысты. Сондықтан, біз сіздерге белсенді, салауатты, жігерлі, парасатты өмір сүрулеріңізге тілек білдіреміз.

Алмагүл ҮМБЕТОВА,
«Темекіге қарсы күрес»
кабинеті маманы.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*