Бюджет қаржысы игерілуімен құнды

Облыстық мәслихаттың құрамы толықты. Облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Асау Ибрашев облыстық мәслихатқа үш сайлау округі бойынша жаңадан сайланған халық қалаулыларына депутаттық төсбелгі мен куәліктерін салтанатты жағдайда тапсырды. Осындай жаңалықпен ашылған сессияда облыс әкімінің орынбасары Айгүл Әжіғалиева облыстық бюджетті нақтылау мәселелері туралы, қаржы басқармасының басшысы Нұрсұлтан Бисембиев өткен жылғы облыс бюджетінің игерілуі туралы баяндады.

????????????????????????????????????

Сессияның күн тәртібінің қарауына ұсынылған облыстық тексеру комиссиясының 2017 жылғы бюджеттің атқарылуы туралы есебін жасаған комиссия төрағасы Руслан Бектемірдің мәлімдеуінше, аталған комиссияның түсіндірме жұмыстарын жүйелі өткізу, қаржы бұзушылықты болдырмау мен оның алдын алуға бағытталған шаралар нәтижесінде соңғы жылдары аудиторлық-сараптамалық іс-шаралар бойынша бюджеттерді жоспарлау мен атқару кезінде заң бұзушылық фактілері азайған. Десек те, өткен жылы 195 объектіге аудит жүргізілді, 155 млрд. теңге бюджет қаражаты аудитпен қамтылып, нәтижесінде қаржы және рәсімдік сипаттағы бұзушылық анықталған. Бюджетке өтеуге немесе қалпына келтіруге жататын 3,9 млрд. теңгенің 3,7 млрд. теңгесі қалпына келтіріліп, бюджетке өтелді. Аталған комиссияның ұсынысына сәйкес, 346 лауазымды тұлға тәртіптік, 83 тұлға әкімшілік құқық бұзушылық негізімен жауаптылыққа тартылды. Олардан 7 млн. теңгеден астам айыппұл өндірілді.

Депутаттар мәслихаттың тұрақты комиссияларында талқыланған оқушылардың жазғы уақыттағы демалысы мен сауықтыруды ұйымдастыру шаралары туралы облыстық білім беру басқармасының басшысы Қайырғали Кенжеғалиевтің, агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының өңірде орындалу жайы туралы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Мақсот Мұқановтың, Қызылқоға және Мақат аудандарының әкімшілік-аумақтық құрылымдарының шекараларын өзгерту туралы облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Әлібек Ермекқалидың хабарламаларын тыңдап, тиісті шешімдер алды.

Депутаттардың қолдауымен аймақтың білім беру жүйесіне зор үлес қосқан еңбек ардагері, КСРО Халық мұғалімі Құсиын Айтқали мен мұнай және газ саласын дамытуға мол үлес қосқан еңбек ардагері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері  Орынғазы Есқазиевке «Атырау облысының Құрметті азаматы» атағы берілді.

Сессия жұмысына қатысқан облыс әкімі Нұрлан Ноғаев талқыланған мәселелер бойынша сөйлеп, пікір білдірген депутаттардың орынды ұсыныстары болашақта ескерілетіндігін     айтты.

Бақытжан ЖҰМАТ

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*