Бұрымдылар конкурсының жаңа қатысушысы – Кәусар Жолдасова

БАЙҚАУ: Қайдасың, бұрынғының бұрымдысы?

Atr. kz / 19 – ақпан.    Кәусар  Жолдасова,

А.Чехов атындағы №14 орта мектептің 3 сынып оқушысы, Атырау қаласы:

Жасым 8-де. Бұрымымның ұзындығы – 96 см. Шашымды  анам 3  жасымнан бастап өсірді. Күнделікті сабаққа  шашымды  екі бұрым  қылып  өріп барамын.

Кәусар Жолдасова

Шаш күтіміне ерекше көңіл бөлемін. Оның тазалығы ғана емес, табиғи сау болуына баса назар аударамын. Қазіргі сусабындарда әртүрлі  химиялық  қоспалар көп, олар шашқа өте зиянды.  Онымен жуған  шаш әлсіз,  әрі түскіш болады.  Сондықтан, кір сабынмен  жуып, айраннан маска жасаймын және сірке суын қосып шаямын. Ең бастысы, тек табиғи жағдайда кептіремін.

Ұзын шаш – қыз баланың көркі ғана емес, ол қазақ қызына тән айрықша белгінің бірі. Бұл бізге бұрынғы заманнан бері белгілі. Сондықтан, замандастарым, әпкелерім де шаш өсірудің астарында ұлттық реңк жатқанын естен шығармаса екен.

1 thought on “Бұрымдылар конкурсының жаңа қатысушысы – Кәусар Жолдасова

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *