«БУРГЕР КИНГ» – ЖАҢА МЕЙРАМХАНА

Бургер өнімдерін ерекше дайындауымен әлемге танылған мейрамхананың салтанатты ашылу рәсімі Тұңғыш Президент күні мерекесімен тұспа-тұс келді. Жиналған жұртшылық өкілдері  мен қала қонақтарын облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғұмар Дүйсембаев құттықтады. Қазақстандық компанияның акционері, бас директор Әнуар Өтемұратов мейрамхананың алғашқы тұтынушыларына «қош келдің» айтып, Ғұмар Ислямұлы екеуі лентаны қиды.

Атырауда ашылған «Бургер Кинг»   мәзіріне  ерекше әдіспен дайындалған тауық, сиыр етінен бургер өнімдерін және дүниежүзіне танымал Вопперді тарту етеді. Тұңғыш рет  1957 жылы дайындалған воппердің бүгінде аты аңызға айналып, үлкен-кішінің сұранысы артып  отыр.

«Бургер Кинг» халықаралық брендінің бөлігі болып саналатын бұл мейрамхананың ең көп қонақтары балалар мен жасөспірімдер болатын сыңайлы. Өйткені, есігін айқара ашқан алғашқы күнінің өзінде мұнда келуші жастардың көптігі соны аңғартқандай.  

Бақытжан  ЖҰМАТ.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*