Бүгін Атырауда тегін көшеттер таратыла бастады

Жаңалықтар Шаһар шырайы Экология

Atr.kz/15 сәуір, 2019 жыл. Бүгін сағат 10.00-де «Арнаулы автобаза» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағында тегін көшет тарату науқаны бастау алды.

Бұл туралы Атырау қаласының әкімдігі хабарлап отыр. Айналаны көгалдандыруға атсалысқысы келетіндерге бұл зор мүмкіндік. Тал-шыбықтарды тұрғылықты аумақтағы көпқабатты үйлердің маңына егуге болады. Тек бір ескеретін жайт, әр адам өзінің байланыс нөмірі мен көшетті қайда отырғызатыны жөнінде ақпарат қалдыруы тиіс. Сондай-ақ, отырғызылған көшеттердің фотосуретін әлеуметтік желіде орналастыру міндеттеледі. Себебі, әр жасыл желектің тағдыры маңызды.

Айта кетейік, аталған акцияға қалалық билік бастамашы болуда.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *