«Брейн-ринг» білгірлерді анықтады

Облысымыздағы жас мемлекеттік қызметшілер «Брейн-ринг» интеллектуалдық ойынына қатысты. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті ұйымдастырған ойын алаңында 36 орталық және жергілікті мемлекеттік органдар қызметшілерінен құралған барлығы алты топ болды.

4106___1

Қатысушыларға сәттілік тілеген департамент басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі Әлібек Ермекқали  шараның негізгі мақсатына тоқталды. «Ойынның мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру, патриоттық сезімге тәрбиелеу, олардың интеллектуалдық деңгейін жетілдіру. Және билік құрылымдарының арасындағы байланысты нығайту, мемлекеттік қызметтің оң имиджін көтеру болып табылады» деді ол.

Ойын барысында  қызметшілер бір-бірінен асып түсуге тырысып бақты. Нәтижесінде, барлық топты жеңіп, өзгелерден оқ бойы озық көрінген облыс әкімі аппараты қызметкерлерінен тұратын №1 команда мүшелері сайыс кубогына ие болды. Өзге қатысушыларға департаменттің Алғыс хаты табысталды.

Мәлике  МӘЛІК

 

Нұрболат  ЕЛЕУСІНОВ,

Атырау  облыстық ішкі саясат

басқармасының бөлім басшысы:

– Мемлекеттік қызметшілер білімді болуымен қатар, жан-жақты интеллектуалды болуы керек. Бұл «Брейн-ринг» ойыны қызметшілердің осы қырларын шыңдауды көздейді. Сондықтан, мұндай шараларды жиі ұйымдастырып тұру қажет деп санаймын.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*