БОЛАШАҚҚА БАЙЫПТЫ ҚАДАМ

 

Бұл – тәуелсіздікті нығайту жолындағы өлшеусіз еңбегіміздің ширек ғасырлық белесін қорытындылайтын мерейлі сәт. Тәуелсіздікті баянды ету оған қол жеткізуден де қиын. Мемлекеттілігіміздің тұғырын мызғымастай нығайта түсу үшін  бізге әлі талай өткелі күрделі, өтпегі көп бұралаң жолдардан өтуге тура келеді» деп бастағаны да ерекше толғандырады. Өйткені, Президент бұқараны бірлікке, ынтымаққа шақырып, жігер беріп отыр.

Тәуелсіздік жылдарында ел көлемінде атқарылған өрелі де  өркенді істердің шағын да болса мысалын Индер ауданының өмірінен де көруге болады. Осы жылдар ішінде аудан орталығы Индерборда алып көпір, аурухана, үш орта мектеп ғимараттарының тұрғызылғаны, тек биылдың өзінде жүз орындық емхана, әрқайсысы алпыс пәтерлік екі үйдің пайдалануға берілгені тұрғындардың мерейін өсірді. Гипсокартон, гипсоблок шығарылып – құрылыста, сапалы ас тұзы өндіріліп – тұрмыста кеңінен пайдаланылуда.

Көреген Елбасымыз қашан да өз Жолдауында қарапайым халықтың көкейкесті ойларын дөп басатынына тәнті боласың. Ол долларсыздандыру тетіктерін өрістету арқылы ұлттық валютамызға деген сенімді нығайтуға қол жеткізудің маңызы зор екендігін де атап айтты. Бұл біздің баршамызды толғандырып жүрген мәселе еді. Яғни, ешкімге тәуелсіз болмаудың бір белгісі осы емес пе? Неге іріні де, ұсақты да өз еліміз аумағында доллармен есептеп, доллармен безбендеуге тиіспіз?

Жолдауда, сондай-ақ, 2017 жылдан бастап жаңа жоба – «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім» бағдарламасы басталатыны атап айтылды. Өте қажет шара. Жасыратыны жоқ, ақылы жоғары оқу орнын бітіргендердің бәрінің бірдей қолдарында диплом болғанымен, көпшілігінің білімі де, білігі де көңілден шықпай жүр. Ақысын төлеп оқыған шәкірттің көбі болашақ мамандығына қажетті ғылымды жетік меңгеруге күш салмайды, оны ұстазы да қатаң талап ете қоймайды. Осылайша, мұндай немкеттіліктің зиянын ойлап  жатқан адам болмайды. Ендеше, электрик,  дәнекерлеуші, токарь және басқа да жұмысшы мамандықтарын меңгерген тиімді  әрі оларға сұраныс та жоғары. «Қазір техникалық мамандықтардың, ғылым мен инновацияның күні туған заман. Ерінбей еңбек еткен, талмай ғылым іздеген, жалықпай техника меңгерген адам озады. Тұрмысы жақсы, абыройы асқақ болады» деді Елбасы. Бұдан артық қандай түйінді ой, қандай салиқалы пайым керек?!

Қорыта айтқанда, Елбасы Жолдауы – әрбір қазақстандық үшін аса құнды құжат, парасатты бағдарлама. Онда көрсетілген құндылықтар-тәуелсіздікті тұғырлы ету, Мәңгілік ел мұраты үшін адал еңбек ету, біріміз бәріміз үшін, бәріміз біріміз үшін жұмыла жұмыстану – бүгініміз үшін өте қажет, болашағымыз үшін айрықша қымбат.

Ерсайын КӨШЕК, еңбек ардагері, Индер ауданының Құрметті азаматы.

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*