БОЛАШАҚҚА – БАЙЫПТЫ БАҒДАР

Делегация құрамында Республикалық қоғамдық штаб басшысы Мұхтар Құл-Мұхаммед, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Анатолий Башмаков, Қазақстан Патриоттары партиясының төрағасы Ғани Қасымов, «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев, «Бiрлiк» партиясының төрағасы Серік Сұлтанғали, ҚР Парламентінің депутаттары Майра Айсина, Бақытжан Ертаев, Айгүл Соловьева және Абай Тасболатов, ҮЕҰ, ғылыми және шығармашыл зиялы қауым өкілдері, сондай-ақ, белгілі қоғам қайраткерлері бар.

Н.Погодин атындағы орыс драма театрының залында облыс активімен кездесу өтті. Жиында тәуелсіз еліміздің дамуына Елбасының қосқан үлесі ерекше екені атап өтілді. Аймақ жастары атынан кездесуде телекоммуникациялық компанияның қызметкері Елена Косенкова сөз сөйледі. Оның айтуынша, қазақстандықтардың жас ұрпағы Нұрсұлтан Назарбаевтың бағытын қолдайды.

«Президент жастарға ерекше көңіл бөледі. Біз үшін ол ең озық мектептер мен университеттерді салып берді, Елбасы біз үшін «Болашақ» және «Дипломмен–ауылға!» бағдарламаларын жасады. Бүгінде қазақстандық жастардың әлемдегі ең үздік білім алуға, жақсы жұмысқа орналасуға мүмкіндіктері бар және олар өз болашағына сеніммен қарайды. Мемлекет басшысының бұл қамқорлығын бағалаймыз және тек қана Нұрсұлтан Назарбаевқа дауыс беретінімізді бірауыздан жеткізгіміз келеді», – деп атап өтті Е.Косенкова.

Петропавл ауыр машина жасау зауытында РҚШ мүшелерімен кездесуде зауыт жұмысшылары өнеркәсіптік өндірістің қарқынды дамып келе жатқанына тоқталды. Мәселен, 2014 жылы Елбасының индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында СҚО-да 4,5 миллиард теңгеге төрт нысан салынды. Мыңдаған жұмыс орны ашылды.

 «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ жұмысшысы Нина Щербинина былай деді: «Зауытта шамамен 50 жыл жұмыс істеймін. Бұл сайлауда да дауысымды біздің Көшбасшымыз – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа беремін. Өйткені, Президентіміздің тарапынан үнемі қолдауды сезінеміз! Жұмысшылар Елбасына дауыс береді».

Келесі кездесу барысында облыстағы этномәдени бірлестіктердің өкілдері Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқының бірлігін нығайтудағы ерекше рөлін атап өтті.

Н.Назарбаевтың Республикалық қоғамдық штабы мүшелерімен кездескен Солтүстік Қазақстан облысының мыңдаған тұрғындары Елбасына бір кісідей дауыс беретіндерін айтты.

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*