Болашақта күннен энергия алатын ғарыштық ұшу аппараты қолданысқа енеді

Болашақта күн сәулесінен энергия жинайтын ғарыштық ұшу аппараты қолданысқа енеді. Нәтижесінде, планетааралық құрылғылар шикізат өніміне тәуелді болмай, күн энергиясын кәдеге асыратын болады.

Мұндай Ай бетінде жүруге арналған құрылғының макеті «ЭКСПО» көрмесі аясындағы қазақстандық «Нұр Әлем» павильонында қойылған. «Айда серуендеу» экспозициясын таныстырушы Сәуле Әбдірахманованың айтуынша, аппарат автоматтандырылған, мұнда ғарышкер болмайды. Тиісінше, кұрылғының өн бойына күн батареялары қондырылыпты. Әзірге бұл жоба ғана, бірақ шамамен 20-30 жылдан кейін жаһандық деңгейде жүзеге асады деген жоспар бар. Ерекшелігі сол, бұл ғарыштық ұшу аппаратының жобасын қазақстандық ғалымдар НАСА мамандарымен бірлесе отырып жасаған.

ANU_2196

Сондай-ақ, «Нұр Әлем» павильонында ғарыш күн электр станциясының жобасы қойылған. Ол атмосферадан тыс ғаламдағы энергияны өндіруге арналған. Кейін, ғарыштан жиналған қуатты микротолқынды немесе лазерлік сәулелердің көмегімен Жердегі станцияға бағыттайды.

Дәл осындай, энергетикалық құрылғылардың бірі – Күн желкені деп аталады. Бұл аппараттың Күннен шаршы метріне 1300 вольт энергия ағынын алуға қауқары бар. Ол зарядталған бөлшектер мен фотондар ағынын пайдаланады.

Осы орайда, «ЭКСПО-2017» көрмесін тамашалауға келген атыраулық жас отбасы Қуантай Бисалипов пен Эльмира Балтабектің алған әсері мол. «Бүгін өз жанұямызбен халықаралық көрмеге көзайым болдық. Ұнап жатыр бәрі. Астанада әлі төрт күн боламыз. Бұйыртса, барлық павильондарды аралап шығамыз деген жоспар бар»,-дейді мұнайлы өңір тұрғындары.

Айдос Қарабала

Айгүл Ертілеуова

Фото Әнуар Әбілғазиевтікі

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*