Болашақ Пеле – ауылда!

«Атырау» футбол орталығы облыста жаңадан бөлімшелер ашуда. Жағымды жаңалықты «Атырау» ФК баспасөз орталығы хабарлады. Бұл – алыстағы ауылда құм кешіп жүрген балаларға футбол ойнап, тәлімді бапкерлерден тәрбие алуға мүмкіндік туып отыр деген сөз.

%d0%b1%d0%be%d0%bb%d0%b0%d1%88%d0%b0%d2%9b-%d0%bf%d0%b5%d0%bb%d0%b5-%d0%b0%d1%83%d1%8b%d0%bb%d0%b4%d0%b0

Нақтырақ айтсақ, барлығы алты бөлімше ашылмақ. Оның екеуі Атырау қаласында болса, төртеуі – аудан орталықтарында. Сонымен қатар, Қызылқоға, Мақат және Құрманғазы аудандарында бөлімшелердің ашылуы жоспарлануда.

Футбол секциясына іріктеуге 2005-2007 жылы туылған балалар шақырылады. Бір айта кетерлігі, бөлімшелерде жаттығу ақысыз жүргізіледі.

Ел намысын қорғайтын болашақ футболшылардың бағын ашу, ең алдымен, ата-анаға байланысты. Сондықтан, ата-аналарға анықтама ретінде төменде іріктеуден өту үшін жаттықтырушылармен байланысқа шығу мүмкіндіктерін ұсынып отырмыз.

 

  1. Жылыой ауданы, Құлсары қаласындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебі. Жаттықтырушы – Хамитов Қадырбек Төлегенұлы, байланыс телефоны: 8 (775) 812-36-62
  2. Махамбет ауданы, Махамбет ауылындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебі. Жаттықтырушы – Әлдешов Асқар Бақтығалиұлы, байланыс телефоны: 8 (702) 390-19-39
  3. Атырау қаласындағы «Геолог-2» ықшамауданы, №36 мектеп гимназия. Жаттықтырушы – Наушаев Тұраш Маратұлы, байланыс телефоны: 8 (775) 601-25-81
  4. Исатай ауданы, Аққыстау ауылындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебі. Жаттықтырушы – Бағытов Нұржан Бағытұлы, байланыс телефоны: 8 (775) 641-42-43
  5. Индер ауданы, Индербор ауылындағы «Көктем» қазақ мектебі. Жаттықтырушы – Бақтығалиев Темірлан Болатұлы, байланыс телефоны: 8 (701) 316-78-85
  6. Атырау қаласы, Құрманғазы ауылындағы Ф.Оңғарсынова атындағы орта мектеп. Жаттықтырушы – Садықов Аслан Ұзақбайұлы, байланыс телефоны: 8 (702) 745-60-78 

Айгүл Ертілеу

1 комментарий

  1. Бұл – өте игі бастама. Дұрыс болған екен. Әсіресе, жаттығулардың тегін жүргізілетіндігі, сондай-ақ ауылдық жерлерде де жаттығу орталықтарын ашатындары қуантады. Кезінде қара топырақтан шаң буратып, жыртылған доптарды теуіп, асыр салып ойнаушы едік. Міне, дамуға бет алған елдің саясаты осындай болуы керек.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*