Биыл қосымша 20 мың оқу гранты бөлінеді

Әрбір министрлік 20 мың грант бойынша нақты ұсыныс беруі тиіс. Бұл туралы Үкімет отырысында Президенттің 5 әлеуметтік бастамасын жүзеге асыру жол картасына орай баяндама жасаған ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев айтты.

320f691fb5525b78daf0e3c497f7c229

«Жол картасы бойынша қосымша оқу гранттарына қатысты ұсыныстарымыз тиісті қаулы жобасы ретінде министрліктерге, «Атамекен» ҰКП-ге және жоғары оқу орындарына жіберілді. Енді олардың ұсыныстарын күтіп отырмыз. Сол жобаға сәйкес 11 мың грант техникалық мамандыққа, 5 мың грант басқа мамандықтарға, 3 мың грант магистратураға және 1 мың PhD бағыттарына бөлінді»,-деді министр.

Осы ретте ол Ұлттық бірыңғай тестілеуге уақыттың аз қалғанын айтып, қай мамандыққа қанша грант бөлінетіндігін, қай мамандыққа бәсекелестік басым екендігін білу маңызды екендігін баса айтты.

«Біздің ойымызша, осы гранттардың саны мамандық бойынша алдын ала барлық министрлікпен келісіп, жоба ретінде бір айдың ішінде жариялануы қажет. Халық мұны күтіп отыр. Сосын бюджеттік процестер бюджеттік заңға өзгерістер, нормативтік актілер, оның бәрі тиісті уақытымен болады. Сонымен әр министрлік осы 20 мың грант туралы нақты ұсынысты 1 аптаның ішінде тапсыруы қажет. Сондай тапсырма беруіңізді сұраймыз»,-деді Ерлан Сағадиев Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаевқа қарата.

Айқара Ғұмар

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*