Биыл адамзатты күтіп тұрған ең қауіпті табиғи апаттар қандай?

2018 жылы жер шарының тұрғындарына ерекше қатер төндіретін табиғи апаттар белгілі болды.

A man walks along the waterfront as Hurricane Irene passes to the east of Nassau on New Providence Island in the Bahamas, Thursday Aug. 25, 2011.  Irene is pounding the Bahamas as a Category 3 hurricane. (AP Photo/Lynne Sladky)

Жыл басынан бері әлемнің әр түкпірінде табиғи апаттар орын алуда. Мәселен, АҚШ-тың бірнеше штатын қамтыған алапат дауыл 7 адамның өмірін қиса, Еуропа елдері қытымыр қыс пен үскірік аяздан зардап шегуде. Кәрі құрлықта 55 адам аяз салдарынанн көз жұмған. Осы тектес жағдайлар елімізде көп орын алуда.

Осыдан он жыл бұрын активтердің құлдырауы адамзат үшін қауіпті саналса, бүгінде табиғи апаттар жер шары тұрғындарына сес көрсетуде.

2018 жылы дауыл, су басу қаупі, құрғақшылық, орман өрттері, жер сілкінісі, вулкандардың оянуы, құйын, мұздықтардың еруі мен цунами апаттары болуы мүмкін.

БҰҰ мәліметі бойынша, 1970-2010 жылдан аралығында табиғи апаттардан 3,3 млн адам қайтыс болған. Олардың басым көпшілігі кедей елдің халықтары. Адамдар көп жағдайда жер сілкінісі, дауыл және су басу кезінде көз жұмады.

Хорлан Смадияр

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*