Біржолғы көмек – 100 000 теңге!

Атырау қаласы бойынша атаулы және мерекелік күндерге орай Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғалар, Ауғанстандағы ұрыс қимылдарына қатысушылар, тыл еңбеккерлеріне, Чернобыль апатының зардабын жоюға атсалысқандарға бұрын төленетін біржолғы әлеуметтік көмектің құны 5000 теңге болса, биылдан бастап 100 000 теңгеден бөлу қарастырылуда. Сондай-ақ, І, ІІ, ІІІ топ мүгедектері мен 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға 20 000 теңгеден біржолғы әлеуметтік көмек көрсету жоспарланып отыр. Бұл мәселе жуырда қалалық мәслихаттың ХІ сессиясында қаралды.

қала тынысы2

Атырау қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімінің басшысы Нұрлы Хабиева әлеуметтік көмек алып жүрген халықтың  жекелеген топтарына төленетін көмек мөлшерлеріне өзгеріс енгізуді ұсынды.

– Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мерекелерде 100 000 теңгеден жылына біржолғы көмек беруді қарастырып отырмыз. Сонымен қатар, туберкулездің әр түрімен ауыратын науқастарға жылына алты айға дейінгі амбулаториялық ем алу мерзіміне он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ай сайын әлеуметтік көмек белгілеу де ұсынылады. Бұл әлеуметтік көмекте науқастың жан басына шаққандағы орташа табысы есептелінбейді, – деді бөлім басшысы.

Сонымен қатар, қалалық жұмыспен қамту орталығының директоры Гүлнәр Құспанова «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының орындалысы жөнін-де баяндаса, қалалық сәулет және қалақұрылысы бөлімі басшысының орынбасары Смағұл Төкешев өткен жылы атқарыл-ған жұмыстарға шолу жасады.

Сессияға қатысқан қала әкімінің міндетін атқарушы Мейірім Қалауи: «Ағымдағы жылы 1 шілдеден бастап елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізілгелі отыр. Қазіргі таңда облыс орталығында әлеуметтік деңгейі анықталмаған 75 мыңның үстінде адам бар. Әр емхана азаматтарды төленген ақшасына қарай емдей бастағанда бұл адамдар ем ала алмай қалады. Біз ірі сауда орындарында, халыққа қызмет көрсететін мекемелерде жұмыспен қамту орталықтарының бөлім-дерін ашып қойдық. Кез келген адам өзінің жеке куәлігі арқылы сол орталықтарға барып, статусын белгілей алады. Егер бұл адам жұмыссыз болса, оны жұмысқа тарту мәселесін қарастырамыз. Сонымен қатар, күні бүгін жер телімі кезегінде 81 мыңнан астам адам тұр. Соның ішінде енді 2004 жылы берілген арыздарды қанағаттандырамыз. Қазіргі таңда Дамбы, Жаңаталап, Зарослый, Тасқала, Водников-3 елді мекендерінде 2517 жер учаскесі кезекке тұрған адамдарға берілуге  дайын» деді Қалалық мәслихатқа жаңадан сайланған Ғабиден Қанатов (№2 сайлау округі), Ринат Ғилажев (№6 сайлау округі) және Нұрбол Құрманға (№8 сайлау округі) депутаттық төсбелгілер табыс етілді. Сондай-ақ, Атырау қаласы мәслихатының хатшысы Қанат Әзмұханов 33 жыл депутаттық өтілі бар Жайдарбек Зайдуллинді «Қазақстан мәслихаттарының Құрметті депутаты» төсбелгісімен марапаттады.

Айгүл ЕРТІЛЕУОВА.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*