БІРЛЕСТІКТЕРДІҢ БІРЛЕСКЕН КОНЦЕРТІ

Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының өкілі Әлия Шағыраеваның хабарлауынша, 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай өтетін есепті концертке бірлестіктер  түгелдей атсалысады.

«Әр жыл сайын ұйымдастырылып келе жатқан бұл шара өзінің маңыздылығымен ерекшеленеді. Концерттік бағдарламаға сәйкес аймағымыздағы этномәдени бірлестіктер өздерінің жыл ішінде атқарған жұмыстарын қорытындылап, ұлттық өнерімізді насихаттайды. Әр ұлт өзінің ұлттық аспаптарымен әндерін айтып, ұлттық билерін орындамақшы», –  дейді ол.

Еске сала кетсек, бүгінде облысымыздағы тұрғындардың 91 пайызы қазақтар болса, өңірімізде 33,6 мың орыс, 2,9 мың кәріс, 2,3 мың татар, 1,1 мың өзбек  ұлтының өкілдері ынтымақты бірлікте өмір сүруде. Сондай-ақ, бізде басқа да ұлттар мен ұлыстар бар.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*