БІРЛЕСКЕН ІСТІҢ БЕРЕРІ КӨП

 

-19 мың түп тал отырғызылды. Олардың бәрі де тиісінше күтімге алынып, өсіп-жетіліп, бой алып кетуіне қолайлы жағдай жасалынды. Сол сияқты мүгедектерді жұмыспен қамту, қажетті мамандықты меңгеріп шығуына септесу, мұқтаж, көмекке зәру жандарға қолұшын беріп, қайырым ету бағытында да іс-шаралар атқарылды, алға қарай да бұл үрдіс жалғаса береді,-деді жиынды кіріспе сөзбен ашқан қала әкімі Серік Кенғанұлы. 

Күн тәртібіндегі бірінші мәселеге орай сәулет және қала құрылысы бөлімінің мамандары өздерінің  дайындаған жобаларын назарға ұсынды. Онда бірнеше жерден аллея, мөлтекаудандардың аулаларында, өндірістік-әлеуметтік ғимараттар мен нысандардың ауласында түрлі формадағы гүлзарлар жасақтау, көшеге көрік беретін көпжылдық сәндік ағаштардың көшеттерін отырғызып, өсіру көзделген. Сәулетші мамандар бұл тұрғыда бірінші кезекте жергілікті биліктің қолдауы мен бизнес құрылымдардың белсенділігі, әлеуметтік жауапкершілігі танылуы керектігін алға тартты. Өз кезегінде кәсіпкерлер де өзекті мәселеге орай ой-пікірлерімен бөлісіп, ұсыныстарын ортаға салды. 

Келесі кезекте мүгедектердің қоғамға пайдалы, аз да болса табыс әкелетін іспен айналысуына, жұмысқа орналасып, қандай да бір кәсіппен шұғылдануына мүмкіндіктер туғызып, жағдай жасау бағытындағы шаралардың барысынан қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Нұрлы Хабиева хабардар қылды.

Аталмыш саладағы жағымды жаңалықтардың бірі ретінде мүмкіндігі шектеулі жандар үшін арнайы бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін өткізу берік дәстүрге енгізіліп, оның оң нәтижесін беріп келе жатқандығын айтуға болар еді. Әңгімесін осыдан бастаған Нұрлы Таупихқызы осылайша, тек өткен 2013 жылдың өзінде осында жұмыссыз санатында тіркелген екі мыңнан астам үшінші топ мүгедегінің  жартысына жуығы, одан бөлек түрлі нысаналы топтарға кіретін мыңға тарта адамның тұрақты жұмыспен қамтылғандығын мәлімдеді. 

Бұл бастаманы Атырау қалалық кәсіпкерлер қауымдастығының төрағасы, мәслихат депутаты Серік Нәжікенов те қостап, «жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, жоспарланған қандай жұмыстың да  бірлесіп атқарғанда ғана берекелі боларына сенімділігін аңғартты, әріптестерін де соған үлес қосуға үндеді.

Дәулетқали АРУЕВ.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*