«Бір сөздің тасасында асылым бар…»

Атырау облыстық Тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Гимні авторларының бірі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, қазақтың ұлы ақыны Жұмекен Нәжімеденов атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің республикалық байқауы өтті.

33465465

Берілген тапсырмалар – бір поэзиялық және бір прозалық шығармадан үзінді оқу. Мәтінді оқу уақыты – бес минут, дайын фонограммадан оқымау. Үміткерлер Жұмекен Нәжімеденовтің поэзиялық және прозалық шығармаларының бірнеше мәтіндерін жатқа білуі тиіс. Сайысқа Қазақстанның барлық өңірі мен Астана, Алматы қалаларынан 17 сайыскер үміттерін үкілеп келген екен.

Байқауға жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының басқарма төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасының Президенті сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері Мереке Құлкенов төрағалық етті. Жазушы, «Алаш» Халықаралық әдеби сыйлығының лауреаты, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері Қуаныш Жиенбай, жазушы, ғалым Бекен Ыбырайымов, жазушы Жұмабай Шаштайұлы, ақын Серік Әбіл қазылар алқасының құрамында екі күнге созылған өнер додасына төрелік айтты.

Барлық үміткерлер мен  қатысушылар Нұрсая ықшам ауданындағы Жұмекен Нәжімеденов ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Гүлзада НИЕТҚАЛИЕВА

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*