БІР ОТАН, БІР ТАҒДЫР

Бір жағынан, бұл редакция басшылығының ізденісін көрсетеді. Кейде жаттанды тақырыптарға арналған материалдардан гөрі, кеңінен отырып ой-пікір бөлісетін мұндай басқосулардың да маңызы зор. Және айта кетерлігі, «Дөңгелек үстелде» айтылған ойлар сан алуандығымен ерекшеленді.

Мәселен, шараға қатысушылар Ассамблеяның қоғамдық тұрақтылықты сақтаудағы рөлі, маңызы туралы айтумен ғана шектелмей, қазақстандық патриотизм мәселесін де көтереді. Расымен де, бүгінгі қазақстандық қандай болуы керек? Әлем бүгінгінің жасынан нені талап етіп отыр? Бәсекеге қабілеттілік, өз ісін жетік меңгеру, жаңа технологияларды игеру сынды қабілеттермен бірге, жастардың бойынан отансүйгіштік қасиеттер де табылуы тиіс. Сонда ғана біз қуатты мемлекетке айнала аламыз. Осы жағынан алғанда, «Дөңгелек үстелге» қатысушылардың қазақстандық патриотизм мәселесінің түп-тамырын Ассамблеядан іздеуі – құптарлық жайт.

Үш тұғырлы тіл саясатына байланысты да орынды пікір айтылған. Расымен де, «жеті жұрттың тілін біл» деген қазақ халқы әу бастан жастарды өнер-білімді игеруге үндеп келеді. Тіл білгенде ғана, әлем өркениетіне жол ашылатынын ескерсек, үш тұғырлы тіл саясатында да қазақ халқының даналығы жатыр деуге толық негіз бар.

Біз – ортақ мүддеге біріккен біртұтас халықпыз. Сондықтан да, елдік мәселелерді көтерген мұндай басқосулар жалғасын таба берсе деймін.

Эльдар АХМЕДОВ,

«Навруз» әзірбайжан этномәдени бірлестігінің төрағасы.

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*