Әбілмансұр – Азия чемпионы

Жапонияның Окинава қаласында каратэдодан кадеттер арасында өткен Азия чемпионатында атыраулық Әбілмансұр Батырғали чемпион атанды. Атырау халықаралық әуежайында құрлық біріншілігінің жеңімпазын жерлестері салтанатпен қарсы алды.

????????????????????????????????????

Дүбірлі додаға Азия құрлығынан отызға жуық елдің спортшылары қатысты. Қазақстан Республикасынан барған каратэшілердің арасынан әртүрлі салмақ дәрежелері бойынша алты чемпион шықса, солардың бірі – Әбілмансұр. Ол 68 кило салмақта сайысқа түсіп, алдыңғы үш кезеңде Шри-Ланка, Өзбекстан, Тайланд елдерінен келген қарсыластарын тізе бүктірді. Ақтық сында ирандық каратэ-до шеберін айқын басымдылықпен ұтып, таза жеңіске жетті. Енді әлем чемпионатына үміткерлерді іріктеу мақсатында Аргентина астанасы Буэнос-Айрес қаласында өтетін бәсекеде бағын сынамақшы, – дейді аймақтық каратэ федерациясының тете-президенті, облыс құрамасының бас бапкері Сансызбай Торғаев.

Әбілмансұрдың спорт түрімен айналысқанына жеті жылдың жүзі болыпты. Осынау кезеңде балғын спортшының бағындырған биігі аз емес. Биыл Хорватиядағы әлем кубогында бас жүлдені иеленсе, Стамбул мен Софья қалаларында өткен додаларда да алдан көрінген.

 Дәулетқали АРУЕВ

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*