БІЛІМГЕ ҚҰШТАРЛЫҚ БИІККЕ ШЫҒАРАДЫ

 

Атырау бизнес және құқық колледжі, Қ.Дүтбаева атындағы гуманитарлық колледжі, Атырау медициналық колледжі, Каспий өңірінің қазіргі заманғы колледжі, Атырау инженерлік гуманитарлық колледжі және Атырау аграрлы техникалық колледжі директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатынасқан жиынды облыстық кураторлар кеңесінің төрайымы Венера Әділова кіріспе сөзбен ашып, Жолдауда көрсетілген бірнеше бағыттарға тоқталып, оның маңыздылығы жайлы баяндады.

Қ.Дүтбаева атындағы гуманитарлық колледжі  директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мақсат Өсербаева «Тәуелсіз  Қазақстанның жеті қазынасы: Ел бірлігі» тақырыбында  баяндама жасап, одан әрі ҚР Президентінің дәстүрлі халыққа Жолдауында айтылған мәселелердің саяси маңыздылығы жайлы сөз етіп, оның халықтың әл-ауқатын көтеруге бағытталғанын айтты.

Атырау бизнес және құқық колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Елена Ешпулова «Болашақ  мамандарды қазақстандық патриотизмге тәрбиелеудің маңыздылығы» тақырыбында баяндама жасады. Сонымен қатар, университеттің Әлеуметтік зерттеулер қызметінің меңгерушісі  Бибігүл   Шайхиева «Жастары жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса, ол елдің еңсесі де биік болады» деп жасампаз елдің жастарына үлкен сеніммен қарайтын Елбасы биылғы жылы да жастар мәселесін назардан тыс қалдырмағандығына ерекше тоқталды.

Жиын соңында басқа да оқу орындарының өкілдері Елбасының дамыған отыз елдің қатарына қосылуға бастайтын бір ғана күш – елдің бірлігі мен еңбек, білімге құштарлығы екендігін  баса айтқан салиқалы сөзін басшылыққа алып, өз пікірлерін ортаға салды.

Нұргүл  НАСЫР.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*