Зияткер ұрпақ – ұлттың негізі

Ziyatker rpa lttyi negizi Білім

Президент негізін қалаған жиырма интеллектуалды мектептің бірі  Атырау өңірінде орналасқан. Мемлекет басшысының «Зияткер ұлт – 2020» ұлттық жобасын жүзеге асырып  жатқан Назарбаев зияткерлік мектебі өткен оқу жылында халықаралық білім беру стандартына сәйкес толық 12 жылдық оқуды аяқтаған түлектердің алғашқы тобын шығарды.

????????????????????????????????????

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Бұл мектептер барлығына үлгі болуы керек. Біз олардың тәжірибесін жаңа мектептер ашқан кезде ескеретін боламыз» дегеніндей, аталған білім ордасы бәсекеге қабілетті, ойы жүйрік, озық жастарды үлкен өмірге әзірлеуде. Бұл тек білім берудің инновациялық алаңы емес, өз деңгейіне басқа мектептерді жетелейтін, ұстаздардың кәсіби біліктілігін арттыруды көздейтін шығармашылық тәжірибе алаңына айналды. Білім ордасы қазір әлемнің кез келген мектебімен иық теңестіре алады. Бұл сөзімізге CIS Халықаралық мектептер Кеңесінің аккредитациясынан сәтті өтуіміз дәлел.

Өткен оқу жылында білім ордасын 600-ден астам оқушы бітірді. Олардың 175-і мектеп түлегі болса, 49-ы «Үздік үлгідегі аттестатқа» және екеуі «Алтын белгіге» ие болды. 12 сыныпты бітірген түлектердің 70 пайызы шет елдердегі жетекші жоғары оқу орындарының грантын иеленді. Жалпы білім көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда артты.

Тағы бір ерекшелік, оқушылар үшін жазғы демалыс дәстүрлі үш айға емес, екі айға созылды. Өйткені, олар «Жазғы мектеп» және зияткер ұрпаққа міндеттелген «Екі апта ауылда», «Ата-ана жұмысында 10 күн», «Туған елге тағзым» сынды әлеуметтік-зерттеу тәжірибелерінен өтті. Мұның бәрі – Елбасының білім мен тәрбиені жетік ұштастырудағы саясатының көрінісі.

Айдарбек АЙТБӨКЕШЕВ,

Атырау қаласындағы химия-биология бағытындағы

Назарбаев зияткерлік мектебінің директоры.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз