ЖЫРҒА ӨРІЛГЕН ЖҮРЕК СӨЗІ

Атыраудағы ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын техникалық гимназияда да жиырма төртінші оқу жылының  аяқталуына орай соңғы қоңырау соғылды. Осындағы салтанатты шараға арнайы келген Атырау  қаласы әкімінің орынбасары Гүлмира Шәкірова жаңа өмірге бағыт алған түлектерге сәт сапар тіледі.

«Гимназиядағы елу сыныпта оқып жатқан 1456 баланың 86-сы үлкен өмірге қадам басты. Сондай-ақ, биыл 175 озат оқушы «Үздік аттестатқа» қол жеткізбек. Алдағы 2 маусым күні білім мен білікті сарапқа салар Ұлттық бірыңғай тестілеу науқаны басталмақ, бәріңізге де сәттілік тілеймін, – деген гимназия директоры, білім беру ісінің Құрметті қызметкері, «Құрмет белгісі» орденінің иегері София Әлібаева келесі оқу жылын оқушылар жаңа ғимаратта қарсы алатынын жеткізді.

Бұл күні мектеп табалдырығын кеше ғана аттаған бүлдіршіндер түлектерге жырмен ақ жол тілесе, өз кезегінде түлектер ұстаздарға деген ыстық ықыластарын әсем әнмен жеткізді.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз