Жатақхана жанға жайлы ма?

Білім ЖАСТАР ЖЫЛЫ Жаңалықтар Мәселе

Atr.kz/11 маусым, 2019 жыл. Студенттік өмірдің қызықты сәттері жатақханада өтеді десек қателеспейміз. Себебі, мұнда сырлас құрбы, қимас дос, тіпті өмірлік жарын тапқандар бар.

Жарасымды жас отбасы Студенттер өмірімен ж а қ ы н ы р а қ т а н ы с у мақсатында Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік у н и в е р с и т е т і н і ң № 1 жатақханасына бас сұқтық. Түскі уақыт. Дәліз бойында жүрген бірен-саран жастар ғана болмаса, көбі бөлмелерінде. Бірі кітап оқып, енді бірі ұялы телефонын ермек қылуда.

Бізге қарсы келе жатқан сүйкімді қызға бірден назарымыз ауды. Есімі Жансая екен. Таныса келе мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығының 2 курс студенті әрі жас отбасы екенін білдік. Жолдасы Дастан Түйебаев та осы оқу орынның 2 курс студенті болып шықты.

– Біз Маңғыстау өңірі, Бейнеу ауданында дүниеге келгенбіз. Екеуміздің таныстығымыз 2017 жылы басталды. Алғашқыда
инстаграм желісі арқылы сөйлесіп жүргенбіз. Ал, бірбірімізді сол жылдың жаз айында, Ақтау қаласына оқуға құжат тапсырарда поезда көрдік. Бәрі аяқ астынан болғандықтан, Ж а р а т қ а н н ы ң бұйыртқаны д е п білеміз. Ол Алматыға оқуға түсті, ал, мен Атырауға келдім.

Бір жыл уақыт өтіп, 1 курсты бітірген соң, біз отбасын құруға шешім қабылдадық. Дастан содан кейінгі оқуын Атырауда жалғастырды. Қазіргі кезде жатақханадағы жас отбасыларының біріміз, – дейді жымиған күйінде Жансая.

Кейіпкеріміз жатақхана өмірінің өте қызықты екенін сөз етіп, өзі «Серпін» бағдарламасы бойынша грант иегері болғандықтан қаражат жағынан да қиналып жүрмегендерін айтты. «Атырау қаласы – жастардың мекені. Оның үстіне жатақханада жағдай жасалған, барлығы тиімді.

Арманына қанат байлап сан тараптан алып ұшқан жас жеткіншектің алғашқыда бұл жерге үйренісуі де оңайға соқпайды. Себебі, ата-ананың «кең сарайдай» үйін қалдырып, аядай бөлмеге үш-төрт адам бірге тұруға, жаңа ортаға үйренісуге тура келеді. Мұндағы 1 курс студенттері де «екінші баспананың» өміріне бойларын үйреткен. Солардың бірі Еңлік Лати есімді студент. Ас бөлмеде шағын ыдысқа тамақ дайындап тұрған ол керек кезде көмек қолын созатын құрбыларының көп екенін айтты.

«Мен студенттік өмірімнің жатақханада өтіп жатқанына қуанамын. Ата-анамыздан жырақ жүргендіктен бе, бір-бірімізге тез бауыр басып, бір үйдің баласындай болып кеттік. Кеш болса болды алма-кезек қонақ болып, шәй ішіп, гитарамен әсем ән айтамыз.

Жанымдағы жандар менің жан құрбыларыма айналды» десе, жанында тұрған, жатақхана тұрғыны Бақтыгүл де «Жағдайымыз жаман емес, оның үстіне ауылдан келетін «посылка» да бар» деді. «Посылка» демекші мұндағы студенттер ауылдан тамақ келгенде бөлмелерінде шағын той болатынын айтып мәз болысты.

Амангүл КЕҢЕС,

Талшын ҚУАНДЫҚОВА,

Х.Досмұхамедов атындағы

Атырау мемлекеттік университетінің студенттері

P.S.

Иә, студенттік жылдардың әр адамның өмірінде алар орны бөлек. Жастық, жалын, достық, махаббат ұштасқан ғажап шақ дерсің! Ал, солардың ішінде жатақхананың өзіндік орны бар. Біз бас сұққан №1 жатақхана да мыңдаған жасқа пана болып, болашағына жол ашты. Біз соған тағы бір мәрте куә болғандаймыз

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *