Тегін IT-сыныптар ашылады

WhatsApp Image 2018 05 24 at 15.47.18 Білім

«Нұр Отан» партиясы облыстық әкімдікте өткен кеңесте Мемлекет басшысының тапсырмасымен әзірленген бастамалық жобаларды ұсынды, деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

WhatsApp Image 2018-05-24 at 15.47.18

«Нұр Отан» партиясының Атырау облысы бойынша филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлыбек Ожаевтың айтуынша, жобалар ақпараттық технологияларды дамытуға, тұрғындардың цифрлық сауаттылығын арттыруға, шағын және орта бизнесті, білім беру саласын қолдауға, сондай-ақ «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыруға бағытталған.

Алдағы үш жылдың ішінде «Нұр Отан» мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен, ҮЕҰ және бизнес-құрылымдар өкілдерімен бірлесіп программалау және робототехника негіздерін терең оқып-үйрену үшін еліміз бойынша 1000 тегін IT-сыныптар ашуды жоспарлап отыр. Бұл жыл сайын 8 жастан 16 жасқа дейінгі 150 мың баланы оқытуға мүмкіндік береді. Атырау облысында мұндай сыныптар ашылатын 10 мектеп белгіленді, – деді Н.Ожаев.

Бұл мектеп оқушыларының қарапайым алгоритмдер құру, еуропалық білім беру стандарттары бойынша бағдарламалар және WEB-сайттар жасау дағдыларын меңгеруіне жағдай туғызады. Болашақта технопарктер ашу жоспарлануда. Бұл алдыңғы қатарлы цифрлық дағдылар мен білімнің қолжетімділік проблемасын шешуге мүмкіндік береді.

Тағы бір жаңа жобаның бірі – мектеп асханаларын жаңғырту болмақ. Сондай-ақ, мектеп оқушыларына арналған салауатты тамақтану стандартын енгізу жоспарлануда. Бұдан бөлек, партия оқу орындарындағы тамақтандыру сапасын қоғамдық бақылауды жүзеге асыратын болады.

Жаңа бастамалар мектептердің спорт алаңдарын реконструкциялауға жағдай туғызады. Бизнесті тарта отырып, оларды бірлесіп пайдалану жөніндегі жоба пысықталуда. Бірінші кезекте құрылатын инфрақұрылым балаларға арналатын болады, мектептен тыс уақытта ақылы негізде спортпен ерсектер де шұғылдана алады.

Ал мектеп оқушыларының денсаулығын нығайтуға «Бастауыш сынып оқушыларына арналған денсаулық сабақтары» көмектеседі. Бұл үшін мектеп оқушылары мен ата-аналарға арналған үш тілдегі интерактивтік WEB-ресурс құру жоспарланып отыр. Сабақтың алдында балалар интерактивтік гимнастиканың «бес минутымен», салауатты тамақтану және алғашқы көмек көрсету дағдыларын үйренумен айналысатын болады.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында кітапхана жүйесі де жаңартылады. Жаңа партиялық жоба әдеттегі кітап қоймасын заманауи білім тарату орталықтарына өзгертуды талап етеді. Кітап қорын электрондық форматқа көшіре отырып, бірыңғай онлайн кітапханалар ашу жоспарлануда.

WhatsApp Image 2018-05-24 at 15.47.18 (1)

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев ұсынылған бастамалардың маңыздылығын атап өтті.

Біз жастарды ақпараттық технологиялар саласында алған білімдерін пайдалануға үйретуге тиіспіз. Жастар инновациялық идеяларды өздері ұсынуы тиіс. Біздің балаларымыздың арасында жоғары технологиялар саласындағы болашақ данышпандар бар, олардың әлеуетін ашуымыз қажет, – деді Нұрлан Ноғаев.

Өңір басшысы партияның мектеп асханаларын жаңғырту жөніндегі бастамасы туралы да өз ойын айтты. Неғұрлым тиімді жұмыс жасау үшін қызметтің бұл түрін сенімді басқаруға беру қажет. Қазіргі уақытта облыста екі кәсіпкер 8 мектеп асханасын сенімді басқаруға алуға ниет білдірді (бесеуі Атырауда, үшеуі Құлсарыда).

Облыста 193 мектеп бар, ал мектеп асханаларын сенімді басқаруға алуға қызығушылық білдіргендер соншалықты аз. Себебі қандай, мүмкін бір проблемалар бар шығар? Бұрын кәсіпкерге шартқа бір жылға қол қоюды ұсынды. Қазір бұл ережені алып тастап, пайдалану мерзімін бес жылға дейін ұлғайтуды жоспарлауда. Бұл бизнесмендерге қозғау салады және мектеп асханаларындағы тамақтану сапасын айтарлықтай жақсартады, – деп атап көрсетті Нұрлан Ноғаев.

Хорлан Смадияр

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз