Смартфондар және балалар. Оларды қалай қорғау керек?

parental activ Білім

IHSMarkit зерттеу компаниясының деректері бойынша, 2 жылдан кейін әлемде смартфонды белсенді қолданатын адам саны 6 миллиардқа дейін жетеді. Бұл дегеніміз, әлем халқының 75% смартфон қолданады деген сөз.  parental-activ

Смартфон неғұрлым көп болса – Интернетте де материал саны артады. http://www.internetlivestats.com/ сайтында интернетте болып жатқан оқиғалардың бір секундтық санағы жүргізіледі. Осы ресурстың деректері бойынша Интернетте қазірдің өзінде шамамен 1,9 млн. сайт бар. Әр секунд сайын адамдар Instagram-да 849 фотосурет жариялап, Youtube-да 74 мың бейне ролик қаралады.

Ақпараттың осыншалық көп болуының бір пайдасы – бүкіл әлеммен қарым-қатынас жасауға, білім алуға, қызығатын ісін дамытуға мүмкіндік береді, бірақ түрлі қауіп-қатері де аз емес. Егер ересек адам қажетті ресурсты таңдап және өзін бақылай алады, ал бала үшін қауіпсіз материалды анықтау оңай іс емес.

«Касперский зертханасы» екі жыл бұрын халықаралық зерттеу жүргізіп, Интернет пайдаланатын балалардың мінез-құлқын зерттеді. Зерттеу, ресейлік балалардың жартысынан көбі желідегі белсенділігін жасыратынын анықтады, бұл ата-аналарды алаңдататуы тиіс: 92% жағдайда жасөспірімдер жасына сәйкес келмейтін материалды қарайды, бейтаныс адамдармен сөйлесіп, кибербуллингке қатысады.

Алғашқы реакция, әрине, Интернетке кіруге тыйым салу. Бірақ тыйым әрдайым қорғауды білдірмейді. Ол, керісінше, баланың қызығушылығын және әуестігін арттырады. «Касперский зертханасының» зерттеуі бойынша, сауал қойылған балалар мен жасөспірімдердің басым бөлігі ата-аналарымен киберқатер туралы сөйлескісі келетінін жеткізді.

Сондықтан сіздерге балаларыңызбен сөйлесуге кеңес береміз және олармен бірге ақылға қонымды ереже белгілеңіз, мынандай 4 қағиданы: сенім, шекара сақтау, бақыланатын еркіндік, қарым-қатынасты басшылыққа алыңыз:

Сенім. Балаға Интернеттің күнделікті өмірдің бір бөлігі екенін айтыңыз. Сондықтан, онда да пайдалы және қызықты, бірақ қауіпті ақпараттың да көп екенін әңгімелеңіз. Әртүрлі мазмұнда (бейне, сурет, мақала) мысалдар келтіріңіз және олар көңіл-күйдің өзгеруіне, өзін-өзі бағалауға, әлемді қабылдауына қалай әсер ететінін түсіндіріңіз.

Шекара. Баламен смартфонды белгілі бір уақытта ғана пайдаланатындығын және тек кейбір сайттарға кіре алатынын келісіп алыңыз. Оның оқу, үй жұмысына көмектесу және т.б. міндеті барын түсіндіріңіз.

Бақылаудағы еркіндік. Интернетте не істей алатынын, ненің қауіпті екенін талқылаңыз. Мысалы, жеке деректерді (телефон нөмірі, мекен-жайы, фотосурет, жеке парақ паролі, PIN-код және т.б.) бейтаныс адамдарға бермеуге, виртуалды танысу арқылы кездесуге баруға болмайтынын, алаяқтық қатерден аулақ болу үшін баннер мен қалқымалы терезені басу керексіз екенін түсіндіріңіз.

Қарым-қатынас. Әрбір бала ерте ме, кеш пе әлеуметтік желіде тіркеледі. Оған виртуалды дос болуға тырысыңыз. Балаңыздың жариялаған материалын, қызығушылығын қадағалаңыз, бірақ барлығына лайк басып, оны үнемі бақылап отыратыныңызды көрсетпеңіз. Әлеуметтік желідегі қауіп және виртуалды кеңістіктегі мінез-құлық ережелері туралы әңгімелеп беріңіз.

Қазір Интернетте баланың ақпарат кеңістігін қорғау үшін ата-аналарға көмектесетін смартфон, планшет және компьютерге арналған бағдарламалар өте көп. Мәселен, «Ата-ана бақылауы» қызметі баланы төмендегілерден қорғайды:

  • Вирустан қорғайды
  • Қажетсіз және алаяқтықпен айналысатын сайттарды бұғаттайды
  • Кіріс қоңыраулар мен SMS-хабарламаларды сүзгіден өткізеді
  • Бала пайдалану үшін рұқсат етілген қосымшаларды анықтайды
  • Баланың смартфон қолданатын уақыт аралығын белгілейді
  • Интернетте және әлеум. желіде (Вконтакте, Facebook) бала белсенділігі туралы есеп береді.
  • Смартфонның орналасқан орнын анықтайды

«Кселл» компаниясының және «Касперский зертханасының» «Ата-ана бақылауы» қызметін Kcell және Activ абоненттері пайдалана алады. Android телефонына арналған «Ата-ана бақылауы» қызметі бойынша Kaspersky Safe Kids және Kaspersky Internet Security өнімдері бар.

«Интернетте балаларды батыл әрекеттен қорғауға деген ұмтылыс – әрбір ата-ананың табиғи ұмтылысы. Желінің өмірдегідей өз ережесі бар: ата-аналар дүниетанымын көтеріп, оларға қауіп-қатерді айтуға, бағыт беруі керек. «Касперский зертханасының» өнімдерімен бұл процесс әлдеқайда жеңіл», – деді «Касперский зертханасының» Қазақстандағы, Орталық Азиядағы және Моңғолиядағы өкілдігінің басқарушы директоры Евгений Питолин.

«Балалар интернеттегі сан алуан қызықты материал – үйретуші бейне материалдар, онлайн-ойындар, мультфильм, сериал арқылы жаңаны тез меңгеріп алады. Өкінішке орай, бұның ішінде мазмұны жағынан қажетсіз материал аз емес. «Ата-ана бақылауы» – бұл балалардың қауіпсіздігі мен ата-ананың тыныштығы үшін «Касперский зертханасымен» бірге бірге клиенттерімізге заманауи және технологиялық озық мобильді өнімдерді ұсыну арқылы көрсетілетін қызмет. Біз өнімнің экожүйесінде осы қызметті іске қосқанымыз үшін қуаныштымыз» деді – «Кселл» АҚ коммуникация бөлімінің жетекшісі Наталья Еськова.

Қызмет бағасы күніне 33 теңге, екі күн бойы қызметке абоненттік төлемсіз тегін сынақ жасап көріңіз. Қызмет туралы қосымша ақпаратты https://parental-control.kz/ сілтемесінен ала аласыз. Қызметті USSD *737# арқылы қосу.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз