«Pie Pay» – жаңа төлем жүйесі

Білім Жаңалықтар

Atr.kz/15 тамыз, 2019 жыл. Бүгінде елдегі еңбек нарығында нанотехнологиялар мен биоинжеренияны меңгерушілерге сұраныс артуда. Осыған орай Атырау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің биылғы түлектерінің басым бөлігі химия өнеркәсібі, механикалық инженерия, компьютерлік бағдарламалау және ақпараттық технологиялар мамандықтарына қызығушылық білдірген.

Мұның да өзіндік себебі бар. Өйткені, түлектердің аталған білім ордасын таңдауына қызығушылықтарын арттыруға ықпал ететін жастардың бұл саладағы жетістіктері аз емес. Мәселен, көрші Орал қаласындағы зияткерлік мектеп түлектері мен оқушылары тамақтану орындарына арналған жаңа төлем жүйесін жасақтады. «Pie Pay» бойынша тұтынушы мекеме ұсынған арнайы pау карта арқылы тө­лем жасай алады. 

Жоба жетекшісі АҚШ-тағы Вирджиния университетінің студенті, мектеп түлегі Шымболат Тіналиевтің айтуынша, талапты жас Финляндия, Түрк­ияда білім алып жатқ­ан мектеп түлектері мен оқушылардың басын қосыпты. Ол команда мүшелерінің әрқайсына түрлі мі­ндеттер жүктеген: бірі бағдарламалаушы қызметін атқарса, қа­лғандары дизайн жаса­у, қаржылық сұрақтар­ды реттеу, маркетинг, ұйымдастыру жұмыст­арына жауапты болады. 

Оның жаңа төлем жүйесі уақ­ыт үнемдейді, тапсыр­ысты жеделдетеді. Со­ндай-ақ, жеке мәл­іметтер қажет болмағ­андықтан, тұтынушы қауіпсіздігін қамта­масыз етеді. Қазір инвесторларм­ен келіссөз жүргізіл­уде. Көп ұзамай Алма­тының тамақтанатын мекемесінде тестілеуд­ен өтпек.

«Биыл төртінші мәрте түлектерін ұшырған Атырау қаласындағы химия-биология бағытындағы білім ордасы жаңа оқу жылында 96 шәкіртті 7 сыныпқа қабылдайды. Аталмыш жаңа төлем жүйесі оқушылардың жаңа оқу жылында мектеп игілігі үшін бірқатар жобаны қолға алуына септігін тигізеді деп сенеміз» дейді аталған білім ордасының баспасөз хатшысы Әнуар Жаманқұлов.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Данияр ЖАРҚЫНҰЛЫ,

мектеп түлегі:

Біз бұл жо­баны «трамплин» деп атар едік. Себебі, ст­артапты бастау, өнім­ді ұсыну жолдары, ко­мпаниялармен қарым-қ­атынас секілді тәжіри­бе жинақтап жатырмыз. Оқушыларға арналған дербес сайт та жасалуда. Әр аймақтағы жас зияткерлер арасында түрлі жарыстар ұйымдастыруда да қолға аламыз.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *