Мектеп бағдарламасына жаңа пән енгізіледі

detail 1366182485 Білім

2019 жылдан бастап еліміздегі мектеп бағдарламасына жаңа пән енгізіледі. Жалпы орта білім беретін оқу орындарының оныншы, он бірінші сынып оқушылары «Бизнес және кәсіпкерліктің негіздері» атты пәнді оқымақ.

detail_1366182485

2019 жылдан бастап, «Бизнес және кәсіпкерліктің негіздері» пәнін жалпы білім беретін мектептердің 10-11 сынып оқушыларына таңдау пәні есебінде оқыту жоспарланған. Оған жылына 68 сағат бөлініп, аптасына екі рет оқытылмақ.

Жаңа сабақ негізінен іскерлік ойын және бизнес-тапсырма түрінде өткізіледі. Пәнге деген қызығушылықты арттыру үшін тәжірибелі бизнесмендерді оқу барысына тарту жоспары бар.

«Бұл пәнді өткізетін мұғалімдеріміз болады. Ол мұғалімдерді дайындап жатырмыз. Сондықтан 2019 жылға дейін бұған мүмкіндік болады деп санаймыз. Бұл өте маңызды. Шағын кәсіпкерлікті дамыту, микрокредиттер беру жайлы айтып жатырмыз. Бірақ оған дайын болып, экономикамыздың дамуына үлес қосатын балаларымызды мектеп қабырғасынан бастап дайындауымыз қажет», — деп түсіндірді ҚР Білім және ғылым министрінің орынбасары Асхат Аймағамбетов.

Білім және ғылым министрлігінің «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп дайындаған бұл жобасы әзірге мектептерде тек қосымша ретінде оқытылағанымен, баға аттестацияға енеді. Сондай-ақ, жаңа пәнді тек мектептерге емес, колледж бен жоғары оқу орындарының бағдарламасына да енгізу жоспарланып отыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз