ЕСТЕН КЕТПЕЙТІН ЕРЕКШЕ КҮН

«Соңғы қоңырау» салтанаты Жұмыскер селолық округіндегі №35 мектеп-гимназияда да ерекше аталып өтті. Бұл шараға Атырау қаласының әкімі Нұрлыбек Ожаев қатысты. Мектеп басшысы Айгүл Каришеваның айтуынша, мұнда барлығы 1168 оқушы оқиды. Білім шаңырағынан биыл 23 шәкірт түлеп ұшқалы отыр.

– Бүгін – ұмытылмас күн. Мектептегі алаңсыз балдәурен шақтың соңғы күні. Бүгін терең білім, кемелді тәрбие берген алтын ұя–мектеппен, сүйікті ұстаздармен қоштасып, үлкен өмір, арманмен биік мақсатқа қадам басқалы тұрсыздар, Сіздер – Атыраудың ұланысыздар. Ал, Атырау – еліміздің ең гүлденген аймағы. Туған жеріміздің одан әрі өркендеуі, ендеше, сіздерге де тікелей байланысты, – деді қала басшысы Н.Ожаев.

Азамат САНСЫЗБАЙҰЛЫ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз