ҰБТ нәтижесін Telegram арқылы білуге болады

LSAT sample Білім

ҰБТ нəтижесін үйден шықпай-ақ, Telegram-бот арқылы білуге болады.

Exam

«ҰБТ нəтижелерін алу үрдісі үнемі жетілдіріліп отырады. Бұрын тестілеу нəтижелері арнайы тақташаларға ілінетін, бүгінгі таңда ҚР БҒМ-ның басқа да қосымша мүмкіндіктері бар. ҰБТ-2018 нəтижелерін ендігі кезекте Telegram-бот @edu.gov.kz немесе edu.mail.kz сайты арқылы үйден шықпай-ақ білуге болады: ол үшін тестілеуге қатысатын əрбір талапкерге берілетін ТЖК (тест тапсырушының жеке кодын) енгізу қажет», – деп мәлімдеді ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, тестілеу қорытындыларын Ұлттық тестілеу орталығының сайтынан да білуге болады. Бұл орайда тестілеу нəтижелерін ТЖК арқылы əрбір талапкер өзі ғана көре алады. Жоғарыда көрсетілген ресурстарға ҰБТ нəтижелері ақпараттың өңделуіне байланысты жарияланып отырады.

Еске сала кетсек, бүгін мектеп қабырғасынан түлеп ұшқан түлектердің алғашқы легі Ұлттық бірыңғай тестілеуден өтуде.

 

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз