Балауса, Рембаза, Жаңаталап ауылдарынан жаңа мектептер салынады

2018 08 21 062847993400 Білім

Atr. kz / 13 – ақпан.  Биыл Атырауда бірнеше мектеп салынады. Соның ішінде, Жаңаталап ауылынан 300 орындық мектеп-интернат, Рембаза ауылынан Мұратбаев атындағы 300 орындық орта мектеп құрылысы, Балауса ауылынан 600 орындық орта мектеп құрылыстары жоспарланып отыр.

2018 08 21 062847993400

Тұрғындар алдында есеп беріп жатқан Атырау қаласының әкімі Алимұхаммед Құттұмұратұының хабарлауынша, мектептердегі орын тапшылығын толықтай жою мақсатында тағы да жаңадан 10 мектептің құрылысын  жүргізу үшін жоба жасақталып,  14 балабақша құрылысы жоспарланып отыр.

Еске сала кетелік,өткен жылы қала мектептерінің материалдық-техникалық базаларын жаңарту үшін 478 млн. теңгеге қажетті жабдықтар алынып,  Береке шағын ауданында – 1200 орындық, Нұрсаяда – 900, Жұлдыз шағын ауданында – 624, Дамба және Ракуш ауылдарында әр қайсысы 300 орындық  мектептердің құрылысы басталған болатын.

Мәлике ҚУАНЫШЕВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз