Айнагүл – «Асыл ұстаз»

6155a18b 9d7a 4162 bc1f 865c1ec66553 Білім

Жас ұрпақты білім нәрімен сусындатып, оларды тәрбиелеу ісіне бар күшжігері мен білімін сарқа жұмсап жүрген ұстаздар аз емес. Олардың қатарында Каспий өңірінің қазіргі заманғы жоғары колледжінің директордың оқуөндірістік тәжірибе жөніндегі орынбасары Айнагүл Ахметова да бар.

6155a18b-9d7a-4162-bc1f-865c1ec66553

Ұстазға тән бар асыл қасиетті бойға жиған Айнагүл Мақсотқызы ­кеше Ақтөбе қаласында Халықаралық Педагогика және инновациялық технологиялар ғылым академиясының ұйымдастыруымен өткен шарада «Асыл ұстаз» төсбелгісімен марапатталды. Шәкірттерді азаматтық парасаты биік, рухани адамгершілік ұстанымы берік тұлға ретінде қалыптастыруда өз қолтаңбасын қалдырып, ұжым мәртебесін көтеруге қарқынды үлес қосқаны үшін осынау марапат иесі атанған парасатты педагогтың бұған дейінгі жетістіктері де аз емес. Ол 2014 оқу жылының облыстық «Үздік оқытушы» байқауынан бас жүлде, республикалық «Үздік оқытушы – 2014» байқауында үшінші орынды қанжығаға байлады. биыл «Үздік педагог» байқауының жеңімпазы атанды.

«Ұстаз шәкірттерге білім, тәлім-тәрбие берумен қатар, жақсы қасиеттерді бойларына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде аянбай еңбектенуі қажет. Сонда ғана маңдай тердің жемісі нәтижесін береді. Бұл жетістігім мені саналы ұрпақ алдындағы ұстаз бейнесін одан әрі жарқырата беруге жетелейді», – дейді Айнагүл Мақсотқызы.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз