Атырауда «Gitara paty» шеберлік сайысы өтті (+ФОТО)

АРМАНДАСТАР Білім Жаңалықтар Мәдениет ФОТОГАЛЕРЕЯ Қоғам

Аtr.kz/26 сәуір, 2019 жыл. Каспий өңірінің қазіргі заманғы жоғары колледжінде мектеп оқушыларын мамандық таңдауға бағыттау мақсатында «Ашық есік» күні өткізілді.

Бұл шараға қаламыздың 25  мектебінен  700 ге жуық оқушы қатысып, колледж мамандары оқушыларды оқу орынның  тыныс- тіршілігімен таныстырып, мамандықтар бойынша мәліметтер берілді.

Сондай-ақ, осы шара аясында оқу орындары арасындағы бірлікті, достықты  насихаттау және  талантты жастарды анықтау, қолдау  мақсатында «Gitara paty» шеберлік сайысы өткізілді. Оған қаламыздағы 50-ден астам  жас гитарашы қатысып, олар өзара алты және жеті шекті аспаптың құлағында ойнайтын мықтыны анықтасты. Қатысушылар шара барысында елімізде және әлемде танымал әншілердің шығармаларын нақышына келтіре орындап, жиналған көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Соның ішінде қазақтың бард ақыны Табылды Досымовтың,  танымал советтік рок-әнші Виктор Цойдың шығармаларын  орындаушы жастар  төңірекке  өзгеше әсер сыйлағандай болды.

Шара соңында белсенді жастар арнайы сыйлықтармен және дипломмен марапатталды.

Мұратбек ЖАҢАБАЙ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *