452 білім гранты – Атырауға!

Білім Жаңалықтар

Atr.kz/14 тамыз, 2019 жыл. Қосымша грант кімдерге бөлінді? Бұл туралы баспасөз брифингінде облыстық білім беру басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жансұлу Төремұратова айтты.

Айтуынша, қазір жаңа білім беру нысандары көптеп салынып жатыр, біразы биыл тапсырылады деп күтілуде. Сондықтан, жоғары білім нәтижесін көрсетуге кедергі жоқ.  

– Биылғы түлектердің 74 пайызы Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты, – деді ол. – Олардың арасында 192 алтын белгі иегері бар. Мемлекеттік грантқа ілінбеген үміткерлер шекті 50 балдан жоғары жинаған болса, қосымша грант байқауына қатыса алады (Медицина мамандығын меңгергісі келетіндер 65, педагогика болса, 60 балдан төмен алмау керек. Авт.). Ал, жинай алмағандарға әлеуметтік тобына қарай беріледі.

Жалпы, 2017 жылы 220, былтыр 231, ал, биыл 232 грант жергілікті бюджеттен бөлініп отыр. Оның ішінде әлеуметтік-экономикалық, педагогикалық, денсаулық сақтау, ауылшаруашылық және басқа да сұраныстағы мамандықтар бар. Расымен де, қазір дәрігер мен мұғалім де тапшы.

– Бүгінде бір диплом аздық етеді, заман сұранысына сай бірнеше мамандықты игерсе де артық етпейді. Жаңа мамандықтардың дүниеге келіп жатқаны да сондықтан. Тағы бір мәселе, баланың білімін Ұлттық бірыңғай тестілеумен өлшеу дұрыс емес. Оның орнына алдағы уақытта жаңа жүйе – тәуелсіз бағалау енгізілетін болады, – дейді спикер.

Сондай-ақ, биыл республика бойынша әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасындағы түлектерге қосымша 5000 грант қаралса, соның 220-сы Атырауға бөлініп отыр. Айта кетейік, қандайма грант иегері болмасын, бәрі де оқу бітірген соң бес жыл бойы өз саласында еңбек етуі кеерк. Міне, мемлекет ұсынған мүмкіндіктің қайтарымы осы болмақ.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

6 thoughts on “452 білім гранты – Атырауға!

  1. Сәлеметсіздерме! әкім грант иегерлерінің тізімін қайдан білуге болады?

  2. Сәлеметсіздерме! Көпбалалы отбасыларға бөлінген гранттың қорытындысы қашан белгілі болады және қай сайтта жарияланады?

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *