БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ӘРІПТЕСТІК

– Алдымен баршаңызды 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесімен құттықтаймын,-деді Шыңғыс Жұмабекұлы. – Елбасының халыққа Жолдауында атап көрсетілгеніндей, бүгіндері елімізде кәсіптік-техникалық білім беру жүйесін жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Мұндағы басты мақсат – кәсіптік білімнің сапасын арттыра отырып, білікті мамандарды даярлау ісін жолға қою, дуальды оқыту жүйесін енгізу. Сайып келгенде, кадрлардың кәсіби шеберлік деңгейін сұранысқа сәйкестендіру. Бұған білім беру мекемелерімен қатар, мемлекет те, жұмыс беруші кәсіпорындар да  бірдей мүдделілік танытуы тиіс. Тек сонда ғана түпкі нәтиженің де ойдағыдай болып шығары сөзсіз. Өзара әріптестік дегеніміз де осы. Осыған қол жеткізгенде ғана  жастарымыздың бәсекеге қабілетті нағыз маман болып шығуын қамтамасыз етеріміз кәміл. Оған қоса, бұл іске шетелдік инвесторлар тартуды тәжірибеге енгізіп, олармен де әріптестік байланыс орнатқанымыз артық болмас еді. Форум жұмысына сәттілік, ортақ мақсат жолындағы жұмыстарыңызға табыс тілеймін!

Бұдан соң облыстық білім басқармасының басшысы Нұрсәуле Сайлауова «Өзара әріптестік – бәсекеге қабілеттілікті арттырудың негізгі факторы» деген тақырыпта баяндама жасады. Оның айтуынша, қазіргі таңда облыста бес арнаулы орта білім беру мекемесінде (колледж) 12 кәсіп түрі бойынша дуальды оқыту жүйесінің элементтері енгізілген. Мұның сыртында аймақтық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, түрлі мамандықтар бойынша өндірістік оқыту шеберлерін тренингтен өткізу қолға алынған.

Форум бағдарламасына сай  «Жұмыспен қамту: мәселелер мен перспективалар» (баяндамашы Балдай Өтеғалиева, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары), «Ғылым – болашақты құрудың жетекші құралы» (Жамиға Таңатарова, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры), «Еңбек нарығын білікті кадрлармен қамтамасыз ету – заман талабы» (Айгүл Майдырова, Атырау мұнай және газ институтының проректоры), «Кәсіби бағдарлану – өзара әріптестік пен ынтымақтастықтың игі нәтижесі» (Рафхат Бозбалиев, облыстық кәсіпкерлер палатасының сарапшысы), «Әріптестік – білікті кадрлар даярлаудың кепілі» (Мақсот Шәтенов, «ESS»  ЖШС компаниясының әлеуметтік мәселелер жөніндегі маманы) тақырыптарындағы баяндамалар тыңдалды.

Осындай өзекті мәселелерді талқыға салған форумда қаралған басты мәселенің бірі – кәсіптік- техникалық білім беру мекемелерінің түлектерін жұмыспен қамту туралы келісімді рәсімдеу болатын. Бұл келісімге облыстық білім басқармасының басшысы Нұрсәуле Сайлауова, облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Асылбек Жәкиев және «Direci Construction Servise» ЖШС директоры Рүстем Рамазанұлы қол қойды.

Атырау облысы әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқан алдымен осы салада ұзақ жылдардан бері жемісті еңбек етіп келе жатқан, кейінгі буынға өзіндік үлгі-өнегесімен танылған ұстаздардың бір тобына «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің Құрметті қызметкері» төсбелгісін салтанатты жағдайда табыстаса, келесі кезекте «Ы.Алтынсарин» төсбелгісінің иегерлерін марапаттады. Кәсіптік-техникалық білім беру қызметкерлерінің келесі бір тобына «Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдары қауымдастығының» (KAZENERGY) 10 жылдығына арналған төсбелгіні тапсырды.

Соңынан «Үздік әлеуметтік әріптес» белгісі мен салалық басқарма басшылығының Алғыс хаттары да өз иелерін тапты.

Дәулетқали АРУЕВ.

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*